Есің бар еліңді тап немесе көрсоқыр ақымақтық.
Ел ағалары асық ойынын қолға алып дамытпақшы. Осыларға басқа істейтін іс жоқ па? Қарапайым логикаға салайықшы. Асық өзі қайдан пайда болады? Асықты біз қойдан аламыз. Ал қой болмаса қайдан аламыз? Ал егер сол қойың ауылдарда шөп жоқ, су жоқ, ауру болып қырылып жатса, ал шопандардың үйлерінде жарық жоқ, су жоқ, балалары дұрыс білім ала алмай санасы мен дүниетанымы тайыздап жатса, сонда анау асық ойынын дамытқанның не пайдасы бар? Еріккендік пе, әлде шыныменде басқа істің бәрі гүлденіп, тек асық ойнау ғана дамудан кенде қалып бара ма? Әлихан Бөкейханов қазаққа ауылшаруашылығын дамытуды Австралияға қарап дамытуды аманат етіп кеткен. Бір кездері қазақтың ауылшаруашылығы Австралияны он орап алатын. Ал қазір Австралия халқы сол қойдың арқасында, асық ойнамайды, дүниені шарлап, рахат өмір сүріп отыр. Біз сияқты сүйекпен ойнауды талғажау етіп отырған жоқ немесе қазақ құсап сүйек кеміріп отырған жоқ. Осыны неге шенеуніктер ойламайды?? Айтыңдаршы, достарым, кім ақымақ осы, мен бе әлде мен көріп отырған затты көре алмай отырған шенеуніктер ме?
Суреттегі Әбенов пен Тілеуханға айтарым, естерің барда елдерің табыңыздар.
Ержан Алаш
“Айқап.kz” ақпараттар порталы
ҚОЖАДА НЕЛЕРІ БАР?!
Жақында «Ұлан» газетінен бір мақаланы оқып, жағамды ұстадым. Неге дейсіз ғой? Себебі, қазақ киносының жарық жұлдызының бірі «Менің атым Қожа» фильмінің көрсетілуіне тиым салмақшы екен. Ұрпақтың психологиясына кері әсер етеді екен дейді.
Түріктің талай киносы көгілдір экранымызда тайраңдап жүргенде, біздің жақұт жыларымыз оның көлеңкесінде неге көрінбей жатуы қажет? Қожадан үлгі алмасаң, оғаш қылық байқамадым. Тәртібі бұзылған оқушы өзінің ұстаздарының, ата-анасының алдында кешірім сұрап жатса несі бар екен? Бұзық бала дейтіндей емес, кинода Қожаны өзінің өмірінде әкесі жоқ болып қиналса да, қатарын күлдіріп, көрерменді үлкен ой мен сұлулықтың арасына кіргізетін кейіпкер етіп көрсетеді.
Түріктің «Денизін» күллі қазақ жолықтырды. Шындықты көрсетеміз деп, нағыз өтіріктің қаймағын бейнелейді. Нағыз махаббатты суреттейміз деп, бүгін біреумен жүреді, ертесі оның жақын құрбысымен жүретін жастардың арасынан жоқ махаббатты көрсетсе, нағыз сүйіспеншілікке толы отбасыны көрсетеміз дейді. Бірақ үйдің отағасы жас қызбен қолтықтасып кетсе, балалары бір-бірін жек көреді. Анасы балаларының әкесін ұнатпай тыржиып жүреді. Ал, міне, өнегесі мен берекесі жарасқан түріктің ұлы кинолары осы ма?
Одан қала берсе, бір уыс дәрі ішіп алады, бірақ ол өлмейді. Өкініштісі, тірі қалып жатады. Неге өкініштісі дейсіз ғой? Себебі қазақ жастары «мен Пелин ханым секілді дәрі ішіп алсам, сосын ата-анам менің жағдайымды түсінер еді» деген оймен өзінің жас өмірінің қиылып кеткендігін байқамай қалып жатады.
Үндінің кинолары тәп-тәуір еді, бірақ жастайынан тұрмысқа шыққан Анандиді бізге көрсетеді. Жарайды, ол үнді халқының ертедегі бір дәстүрі шығар. Бірақ олардың мәдениеті бізге неге керек? Әлде қыздарымыздың шекесіне қызық бояқ жағып, құлағынан мұрнына дейін тесіп, үндінің жігітіне ұзатып жібергелі жатыр ме едік?
Осындай тәрбиесі мен мағынасы жоқ киноларды көрсетіп, неге тек Бердібек Соқпақбаевтың үлкен еңбегімен жазылған «Менің атым Қожаны» көріп қалды екен!? Мысалы, мен қанша тиым салса да, «Менің атым Қожаны» да, «Менің де атым Қожаны» да көретін боламын. Яғни, мен жақұт шығарманың экраннан алынып тастауына үзілді-кесілді қарсымын!
Менің ашуыма тигені, рухы биік қазағымның киноларының дәрежесін асқақтатудың орнына баса береді. Бір нәрсе айтайын: бұрында Құдайдың қазанында 10 орыс, 10 неміс, 10 қазақ қайнап жатса керек. Сонда 10 немістің әрқайсысына жүз-жүзден, 10 орысқа он-оннан күзетші қойыпты. Құдайдан біреу сұрапты «неге қазаққа күзетші қоймағансың?» деп. Сонда жүз немістің біреуі шықса, яғни бүкіл неміс қашып кетеді деген сөз. Біреуі шықса, қайтсе де қалғандарын құтқарады. Ал орыстың біреуі шықса, өз жайымен кете береді. Қазақтың біреуі шығып бара жатса, біреуі аяғынан тартып, «біз осында жатқанда, сен қайда барасың?» дейді екен.
Әй, қазақ-ай! Өзіміздің елімізде, жерімізде орысша сөйлеп, жұлдыздай жарқыраған туындыларымызды көре алмай қалмасақ болғаны.
Жақсылық Айгерім
Айқап.kz ақпараттар порталы
Елім деп өткен азамат…
Бүгiн Әйелдер мерекесi, дегенмен....осындайда көпке бiткен мінезбен өз асығымызды жинай алмай, өз асылымызды тани алмай, көпке iлесiп бейқам күйде 8-наурызды өткiзiп шығамыз...Десек те, мүмкiн көпшiлiк бiле бермес: бүгiн Қазақтын маңдайыны біткен бірден-бір асыл ұлы, өмірін елінің мүддесіне арнап өткен Болатхан Тайжаннын туған күні.
Қыздар ұлттың аналары
Ежелден ата-бабамыз қыз тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қыз бала-болашақ ана. Барлық тәлім-тәрбие, мінез-құлық, жан сұлулығы мен рухани байлықтың бәрі ана сүтімен беріледі. «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі», «Анасына қарап қызын ал, ыдысына қарап асын іш», «Қызға қырық үйден тыю», «Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» деген сияқты қазақ халқында қыз тәрбиесіне байланысты ақыл,нақыл сөздер артып жетіледі. Басты мақсат-өнегелі, иманды, сыпайы да биязы қыз, жар, болашақ ана тәрбиелеу.
Қазақ тіліне қажеттілік пен мұқтаждық тудыру - кезек күттірмейтін іс.
28 жасында қазақ елінің премьер-министрі лауазымында қызмет атқарған, қазақтың біртуар ұлы Сәкен Сейфуллиннің сол замандағы қазақ мүддесі мен тіліне байланысты мына сөздерін оқып отырып, таң қалмасқа шарамыз жоқ. Себебі 100 жыл бұрын айтқаны бүгінгі күнде де өзекті, демек, 100 жыл болды: қандай болдық, сондай болып қалып барамыз.

