Сб05252013

Соңғы жаңару05:32:21 AM

Ақпараттар:
Ресейде «Айқап» журналына �...

Туыстық қатынасты үзген адам Жаннатқа кірмейді.

Құранда: «Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата мен Хауа анадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттарға және руларға жіктеп қойдық. Шынында, Алланың құзырында құрметтілерің тақуалы болғандарың. Алла шексіз білгір, бәрінен хабардар» – делінген («Хұжурат» сүресі 13-аятта). Бұл аят «Әй адам баласы!» деп барша адамзатқа қарай үндеу тастаған. Адамзаттың бәріде әуелбаста, бір ата-анадан, бір құрсақтан тараған, түбі біріне-бірі туыс.

Ел боламын десең...

  Ел боламын десең...

 Отан алдындағы жауапкершілік, рухани құндылық, адамдық борыш секілді қасиетті ұғымдарды насихаттайтын бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Әрине,көпшілік аудитория үшін. Ал жеке тұлға тұрғысында қарасақ: өз тілін өгейсітіп жүргендер, елін сататындар, қара басының қамын ойлайтындар, жемқорлар, рухани азғын халге түскен қыз-жігіттер,тағысын тағылар  кімдер сонда?

 «Отан отбасынан басталады» деген ұғым біз үшін жаттанды болып кеткен жоқ па? Бақты қайдан табам деп, қайдағыға бас ұрамыз.  «Әй, сенің осы балаңдікі не тірлік?», « Мына бір басшы адам емес екен», «Адамның бәрі жатбауыр» т.с.с  сөздерді күнде естиміз. Ал әр адамның жеке жанұясына қарасаңыз, басыңызды шайқайсыз.

Кемшілік көрсең,басқадан жаным,

Қарайып жүзің,көп қадалмағын.

Өзгені мінеп таппаған бақты

Өзіңді түзеп дөп табар жаның.

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.