Сб03232013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

Ұшақтың құлау себебін тек тұманнан іздейміз бе?

Кеше сағат 13:00 шамасында Ал­маты қаласының әуежайына шама­мен бес шақырым жетпей, Алматы облысына қарасты Іле ауданының Қызыл ту елді ме­ке­ніне жақын жерде «Көкшетау-Алматы» бағытын­да қатынайтын жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.  

«SCAT» әуе компаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challen­ger-200» әуе кемесінің бортында 5 эки­паж мүшесі және 15 жолаушы болған. «Чел­ленджер» сөзі үміткер деген мағына бе­ре­ді. Ұшақ ішіндегілерден аман қал­ған­дар жоқ. Апат салдары әлі нақтылан­ған жоқ. Дегенмен ауа райының қолай­сыздығы, дәлірек айтқанда, қалың тұман себеп болуы әбден мүмкін. Себебі Көк­шетау-Алматы бағытымен ұшып шыққан ұшақ Алматы әуежайына қонар тұста радар­дан жоғалып, байланыс үзілген. Ал­ғашқы жолы әуежайға жеткен ұшақ қонуға рұқсат ала алмайды. Екінші қай­тара мүмкіндік жасамақ болған ұшақ тұманда адасып кеткен. 

Оқиға орнына оннан астам өрт сөн­діру көліктері, отызға жуық жедел жәр­дем қызметі, жүзден астам төтенше жағ­дай­лар қызметкерлері, сондай-ақ Ал­ма­ты және Алматы облысынан бес жүз­ге жуық құқық қорғау органдарының қыз­меткерлері жұмылдырылды. Ұшақта­ғы барлық жолаушылар қаза тапты. Мә­й­іт­тердің барлығының дерлік дене мү­шесі бөлшектеніп кеткен. Ұшақ Қызыл ту ауы­лының маңындағы белгісіз біреуге қарасты жекеменшік шаруашылық жері­не түскен. Бірнеше гектарды құрайтын жер бетон қоршауға алынған. 

Ауызашарға барғаны үшiн лаңкес атанды

Атырау дегенде ел көзiне мұнайымен қатар бет-аузын сақал басқан терроршылар қатар келетiндей. Мұндай ұғым қазiр телеарналардан белсендi түрде уағыздалып жатқан “Соқыр сенiм” деректi фильмiнен соң үдей түстi десе де болады. Сол фильмде айтылғандай былтырдан берi сотталған елу шақты адамнан бөлек тағы “13 адам өз жазасын” күтiп жатыр. Солардың бiрi – Атырау аграрлық колледжiнiң студентi 20 жастағы Мейiрбек Жанқуатов.

МЕЙIРБЕК ШЫНЫМЕН КIНӘЛI МЕ?

Берекеміздің жауы – инфляция

Елбасымыздың «Қазақстан–2050» стратегиясы жарияланғаннан бері отандастардың көбісі «төбелері көкке жеткендей» қуанышты. Бұл – орынды қуаныш. Өйткені біз ең бастысы, әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің сапында боламыз деген межемізді мерзімінен 18 жыл бұрын алдық. Қазақстан қазірдің өзінде кейбір тұстар бойынша бәсекеге қабілетті алғашқы жиырмалықтың арасында жүр. Ал даму қарқынымыз жағынан көшбастаушы үштіктеміз. Енді міне, әрбір қадамын ғылыми негізде өлшеп, соған сай нақты бағдарламамен жұмыс істейтін ұлт Көшбасшысы – 2050 жылы Қазақстан экономикалық қуаты жағынан көшбастаушы алғашқы отыздық сапында болуы тиіс» деген жаңа асқаралы міндетті алға шығарды. Бұл – толық жаңарып, дамыған елдердің дәрежесіне жетіп, тіпті Еуропаның өзіндегі ең алдыңғы қатарлы дамыған елдердегідей өмір сүру деген сөз. Бұған қуанбағанда қайтеміз?!

Сағындық САТЫБАЛДИН, экономика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі: Абайды жатқа білетін қазақтар ұлт ұстазының ғақлиясын өз өмірінде пайдаланбайды

Әлемге ықпалды экономика құратынымыз айқын

- Өткен жылдың соңына қарай, Тәуел­сіздік күні қарсаңында Елбасымыз Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялап, қалың бұқара түгіл, зиялы қауымның өзі болжай алмаған жаңа стра­тегияны жариялады. Бұл байқауы­мыз­ша, бұған дейінгіден үл­кен және биік секіріс болғалы тұр. Се­­бебі енді әлемнің бәсекелестікке қа­білетті 50 елінің са­пын­да тұруды емес, ал­ғашқы топ бас­таушы отыздықпен бір боламыз деген мін­дет алға шығарылды. Тым биікке құ­лаш сермеп тұрған жоқпыз ба?
- Егер экономика жайында әңгіме қоз­ғар болсақ, онда ұлт Көшбасшысы қойған міндетті асыра орын­дай­ты­ны­мызға сене беруге болады. Бұл үшін Қа­зақстанда қажеттінің бәрі бар. Ой­лап қараңызшы, қазынамызда Ел­ба­сының шетелдік сапарын қамтамасыз ете­тіндей валюта болмаған шақта, тәуел­сіз Қазақстан Республикасын құ­рып, оны бүгінгідей әлем мойын­да­ған биікке көтердік қой.

Ашақ хат

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

С.Н. Ахметовке

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік хатшысы

М.А. Құл-Мұхамедке

 

Көшірмесі: Облыс әкімдері, Министрлер,

Агенттік төрағалары, Ұлттық компаниялардың

Президенттері, ректорлар мен

банктердің төрағаларына

 

Құрметті Серік Нығметұлы!

Құрметті Мұхтар Абрарұлы!

 

Өздеріңізге белгілі, «Президент және халық» газеті (14.09.2012 ж.) және басқа басылымдарда саяси партиялар, ұлттық компаниялар, қаржы институттары, ғылыми және қоғамдық қауымдастықтар қол қойған мемлекеттік тіл мен адам капиталын дамытып, қоғамды модернизациялау арқылы интеллектуальдық ұлт қалыптастыру жөнінде Ашық хат жарияланған еді. Елбасының жолдауларына негізделген бұл ашық хатқа қол қоюшылардан құрылған Ұйымдастыру алқасы (ҰА) өткізіп жатқан мемлекеттік тілді қоғамның барлық саласына енгізу акциясы атқарушы органдар мен қоғамда қолдау табуда.

Үкіметтің ресми шараларының мемлекеттік тілде жүретін болып шешім қабылдауы қоғамда қолдау тауып, мемлекеттік институттарды дамытудағы нақты қадам болды.

Мемлекеттік тіл қоғамның барлық саласына енгенге дейін жүретін бұл шараның алдын-ала қорытындысы төмендегідей:

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.