Пн03252013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

ҚОЖАДА НЕЛЕРІ БАР?!

Жақында «Ұлан» газетінен бір мақаланы оқып, жағамды ұстадым. Неге дейсіз ғой? Себебі, қазақ киносының жарық жұлдызының бірі «Менің атым Қожа» фильмінің көрсетілуіне тиым салмақшы екен. Ұрпақтың психологиясына кері әсер етеді екен дейді.

Түріктің талай киносы көгілдір экранымызда тайраңдап жүргенде, біздің жақұт жыларымыз оның көлеңкесінде неге көрінбей жатуы қажет? Қожадан үлгі алмасаң, оғаш қылық байқамадым. Тәртібі бұзылған оқушы өзінің ұстаздарының, ата-анасының алдында кешірім сұрап жатса несі бар екен? Бұзық бала дейтіндей емес, кинода Қожаны өзінің өмірінде әкесі жоқ болып қиналса да, қатарын күлдіріп, көрерменді үлкен ой мен сұлулықтың арасына кіргізетін кейіпкер етіп көрсетеді.

Түріктің «Денизін» күллі қазақ жолықтырды. Шындықты көрсетеміз деп, нағыз өтіріктің қаймағын бейнелейді. Нағыз махаббатты суреттейміз деп, бүгін біреумен жүреді, ертесі оның жақын құрбысымен жүретін жастардың арасынан жоқ махаббатты көрсетсе, нағыз сүйіспеншілікке толы отбасыны көрсетеміз дейді. Бірақ үйдің отағасы жас қызбен қолтықтасып кетсе, балалары бір-бірін жек көреді. Анасы балаларының әкесін ұнатпай тыржиып жүреді. Ал, міне, өнегесі мен берекесі жарасқан түріктің ұлы кинолары осы ма?

Одан қала берсе, бір уыс дәрі ішіп алады, бірақ ол өлмейді. Өкініштісі, тірі қалып жатады. Неге өкініштісі дейсіз ғой? Себебі қазақ жастары «мен Пелин ханым секілді дәрі ішіп алсам, сосын ата-анам менің жағдайымды түсінер еді» деген оймен өзінің жас өмірінің қиылып кеткендігін байқамай қалып жатады.

Үндінің кинолары тәп-тәуір еді, бірақ жастайынан тұрмысқа шыққан Анандиді бізге көрсетеді. Жарайды, ол үнді халқының ертедегі бір дәстүрі шығар. Бірақ олардың мәдениеті бізге неге керек? Әлде қыздарымыздың шекесіне қызық бояқ жағып, құлағынан мұрнына дейін тесіп, үндінің жігітіне ұзатып жібергелі жатыр ме едік?

Осындай тәрбиесі мен мағынасы жоқ киноларды көрсетіп, неге тек Бердібек Соқпақбаевтың үлкен еңбегімен жазылған «Менің атым Қожаны» көріп қалды екен!? Мысалы, мен қанша тиым салса да, «Менің атым Қожаны» да, «Менің де атым Қожаны» да көретін боламын. Яғни, мен жақұт шығарманың экраннан алынып тастауына үзілді-кесілді қарсымын!

Менің ашуыма тигені, рухы биік қазағымның киноларының дәрежесін асқақтатудың орнына баса береді. Бір нәрсе айтайын: бұрында Құдайдың қазанында 10 орыс, 10 неміс, 10 қазақ қайнап жатса керек. Сонда 10 немістің әрқайсысына жүз-жүзден, 10 орысқа он-оннан күзетші қойыпты. Құдайдан біреу сұрапты «неге қазаққа күзетші қоймағансың?» деп. Сонда жүз немістің біреуі шықса, яғни бүкіл неміс қашып кетеді деген сөз. Біреуі шықса, қайтсе де қалғандарын құтқарады. Ал орыстың біреуі шықса, өз жайымен кете береді. Қазақтың біреуі шығып бара жатса, біреуі аяғынан тартып, «біз осында жатқанда, сен қайда барасың?» дейді екен.

Әй, қазақ-ай! Өзіміздің елімізде, жерімізде орысша сөйлеп, жұлдыздай жарқыраған туындыларымызды көре алмай қалмасақ болғаны.

 

Жақсылық Айгерім

Айқап.kz ақпараттар порталы

Лебіз қалдыру

blog comments powered by Disqus
Download SocComments v1.3

новинки кинематографа
Машинная вышивка, программа для вышивания, Разработка макета в вышивальной программе, Авторский дизайн

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.