Елім деп өткен азамат…
Бүгiн Әйелдер мерекесi, дегенмен....осындайда көпке бiткен мінезбен өз асығымызды жинай алмай, өз асылымызды тани алмай, көпке iлесiп бейқам күйде 8-наурызды өткiзiп шығамыз...Десек те, мүмкiн көпшiлiк бiле бермес: бүгiн Қазақтын маңдайыны біткен бірден-бір асыл ұлы, өмірін елінің мүддесіне арнап өткен Болатхан Тайжаннын туған күні.
Болатхан Тайжан – қазақтың атақты кәсiби дипломаты, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi елшiсi, арабтанушы, белгiлi саясаткер, экономист, қоғам қайраткерi, ұлт патриоты.
Болатхан аға 2007 өмiрден озды. Оны жоқтап Мұхтар Шаханов мынадай өлеңдi тебiрене айтқан едi:
"Рухы мен пейiлiнен таң атқан,
Жаралғандай ұлттық мүдде-санаттан.
Жiгiт едiң елдi аузыңа қаратқан.
Қазақ халқы ұлтсызданған ғасырда,
Тiл мен дiнi құнсызданған ғасырда,
Сен бiзге өте қажет едiң, Болатхан...
Ендi саған бейiшiңнiң есiгiн
Айқара ашсын құдiреттi Жаратқан."
Мен Болатхан Тайжан ағамен тiкелей таныс болғанымды, оның айтқан сөздерiнiң маған рухани әсер бергенiн мақтан тұтамын...Қанша жерден елiмiз аузы қисық "туфли жалағыш" шенеунiктерге толы болса да, Қазақ саясатында "ұлым" деп өткен ерлер болды...Соның бiрi Болатхан аға. Оның студенттiк шағында Мәскеудегi Қазақ интеллигенттi жастарын жинап алып "Жас Тұлпар" козғалысын құрғаны, кейiн Тәуелсiздiк алған заматта көптеген экономикалық қатынастар мен келiсiмдерде ел мүддесiн қорғағаны және өмiрiнiң соңғы күнiне дейiн ел болашағы үшiн iстеген түрлi iстерi - оның шын мәнiнде туған халқы үшiн туғанының дәлелi. Болатхан аға көптеген аналитикалық мақалалардың авторы. Ғасыр келiсiмi аталған, кейiн әлемнiң алпауыт компаниясы Шевронды банкроттан сақтап қалған "Теңіз" келiсiм-шартында Болатхан ағаның пәрменiмен кiшкене де болса ел мүддесi қорғалды...75 жылға берiлген концессия 40 жылға шегертiлдi...Өкiнiшке орай оның өзi де бiздiн елге танылған мазақтан сақтап қала алмады...Өкiнiшке орай ол жерде Болатхандай азаматтар аз болды... Болатхан ағаның жатқан жерi жайлы болсы, пейiштен орын алсын...Болатхандай азаматтар көп болсын...
Ержан Алаш
“Айқап.kz” ақпараттар порталы
Лебіз қалдыру

