Қазақтың ең үздік 25 кітабы.
Қазақ көркем әдебиетін 25 орынға сыйдыру мүмкін емес. Бұған тіпті 25 000 орын да аздык етер еді. Әлқиссадан бастасак, сонау Жиренше шешен мен бүгінгі ақын-жазушылар толғамынан туған әдеби туындылардың қай-қайсы да сүттің бетіндегі қаймақтай. Қайсы болмасын қазақ үшін маңызды һәм өзекті. Десек те дүйім жұрт біліп жүрсін деп, қазақ алыптарының кітаптарынан “shortlist” жасау бүгінгі оқырман үшін керек-ақ. Ал әр туындыны рейтинг іспеттес сатылау - бұл ақын-жазушылардың бірінен-бірінің артықшылығын көрсетуден туған идея емес, керісінше осы туындылардың өзара рухани және тарихи сабақтасуы негізінде қалыптасқан төл әдебиетіміздің даму үрдісінің көрсеткішін көрсету. Егер тарихқа қарайтын болсақ, ұлт болып қалыптасып, бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығаруымыз - осы әдебиетіміздің ұлт санасының рухани жетілуіне қызмет етуінің жемісі. Сол себептен, "Әр қазақ бұл кітапты оқымаса, ұлттық болмысын жете танымай жүр" - деп айтуға болатындай қазақ кітаптарының “Shortlist” нұсқасын шығарып, сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Қазақ жастарының ең жарқын 10 өкілі
Мен сенемін жастарға,
Алаш отын оспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін! - деп Мағжан айтып кеткен жастар бүгінде бар ма? Осы сұраққа жауап іздеген Айқап ақпараттар порталы өз оқырманының назарына кезекті рейтингті ұсынып отыр. АКШ-тың болашағы, оның Алтын жастарында дегенде, Гарвард пен Принстонның студенттерін меңзегенде, неге бізде және посткеңестік елдерде Алтын Жастарды ығай мен сығайдың ұл-қыздарына теңейді? Мысал үшін жақында: Қазақтың "Алтын жастарының" ең жарқын өкілдерінің рейтингін жариялаймыз, ұсынысыңыз болса, айта жүріңіз" - деген қоғамдық желідегі хабарламамызға Ғалымжан деген оқушымыздан мынадай пікір келіп түсті: "Первая тройка Айсултан Назарзаев, Алтай Кулибаев, Нурали Алиев, потом Шынар Келимбетова, сыновья асаубаева, дальше список". Халқымыздың санасына сіңген осындай жалған ұғымды өшіру мақсатында ғана емес, жалпы жастарымыздың ең жарқын көшбасшыларын қалың көпшілік біліп жүрсін, кейінгі іні-қарындастар өнеге алсын деген мақсатпен "Нағыз алтын жастар" тізімін ұсынып отырмыз. Әйтпесе, жоғарыдағы оқырманымыз ұсынған адамдар аттары "Алтын Жастар" тізіміне кіреді деген түсімізге де кірмеген.
Қазақтың "TOP 10" Кино Туындылары
ХХ ғасырдың басынан бері кино өнері әлемдік мәдени даму үрдісінен үлкен орын алғалы, Қазақ елі бұл өнерден кенде қалған емес. Еліміз кино өнерін өз шаңырағына алып келгелі, мінеки, 100 жылға да таяп қалды. Осы уақыт ішінде Қазақтың біртуар ұлдары өз туындыларымен кино өнеріне қомақты үлес қосып, Тәуелсіздіктің таңы атқалы кино өнері мазмұнына қарай әртараптандырылып, бүгінде қарқынды дамып келеді. Елімізде ашылған тұңғыш саяси-қоғамдық басылым “Айқап” журналының, ғаламтордағы бүгінгі нұсқасы “Айқап.кz” сайты осы күні кәсіпқойлығымен һәм біліми деңгейлерімен көпшілікке танымал болған режиссерлер Ермек Турсынов, Данияр Саламат және редакциямыздың талдау-сараптау орталығының зерттеуі арқылы, Қазақ кино тарихындағы, жұртшылыққа осы жылдар ішінде ең көп ықпал еткен 10 үздік фильмдер рейтингісін жариялап отыр. Біздің кино өнері жоғарыда атап айтқандай үлкен тәжірибе мен өнегелі тарихқа ие – қасиетті қара шаңырақ. Бұл қара шаңырақтан талай өнер қайраткерлері мен қайталанбас кино туындылар шықты. Сол қайраткерлер мен олардың туындылары бүгінгі заман қоғамының жадынан шықпай, олардың халыққа қаншалықты ықпал етіп, ел көңілінде қаншалықты үздік болып бағаланғаны жөнінде объективті баға беру - бүгінгі заман талабы деп пайымдаймыз. Демек, дауыс беру арқылы шыққан сараптама қорытындысы, яғни рейтинг, кино өнерінің дамуына үлкен үлес қосып, мәдениеттегі ақпарат өрісін кеңейтеді деп санаймыз.
Қазақстанның ең ықпалды 30 интеллектуалы.
XVII ғасырдың атақты ғалымы Блез Паскальдың сөзі бар емес пе, "Қазіргі Франциядан 300 интеллектуал кетіп қалса, Франция құрдымға кетеді" - деген. Сол сияқты Қазақстанның да өзіне тән коғамының айтулы коғам қайраткерлері мен пікір қалыптастырушы интеллектуалды тұлғалары бар. Айқап редакциясының талдау-сараптау орталығы 100 шақты профессор, коғам қайраткерлері, шенеуніктер, журналистер, кәсіпкерлер және ғаламтор қауымына сауалнама жасап - Қазакстанның ең ықпалды 30 интеллектуалдарының тізімін ұсынып отыр. Сауалнама методологиясын 3 жақты қарастырдық. Алдымен тұлғаның билікке ықпалын, яғни оның ісі мен сөзі билік шешімдеріне каншалыкты ықпал етеді, екіншіден, тұлғаның коғамға, әлеуметке және қарапайым халыққа ықпалы, үшіншіден, тұлғаның ғаламторға ықпалы. Ғаламторды қазіргі заманның ең ықпалды ақпараттық құралы деп есептесек, тұлғалардың ғаламторға ықпалы қоғамда үлкен рөл ойнайды.

