Ср01162013

Соңғы жаңару09:27:25 PM

Қазақ жастарының ең жарқын 10 өкілі

Мен сенемін жастарға,

Алаш отын оспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін! - деп Мағжан айтып кеткен жастар бүгінде бар ма? Осы сұраққа жауап іздеген Айқап ақпараттар порталы өз оқырманының назарына кезекті рейтингті  ұсынып отыр. АКШ-тың болашағы, оның Алтын жастарында дегенде, Гарвард пен Принстонның студенттерін меңзегенде, неге бізде және посткеңестік елдерде Алтын Жастарды  ығай мен сығайдың ұл-қыздарына теңейді? Мысал үшін жақында: Қазақтың "Алтын жастарының" ең жарқын өкілдерінің рейтингін жариялаймыз, ұсынысыңыз болса, айта жүріңіз" - деген қоғамдық желідегі хабарламамызға Ғалымжан деген оқушымыздан мынадай пікір келіп түсті: "Первая тройка Айсултан Назарзаев, Алтай Кулибаев, Нурали Алиев, потом Шынар Келимбетова, сыновья асаубаева, дальше список". Халқымыздың санасына сіңген осындай жалған ұғымды өшіру мақсатында ғана емес, жалпы жастарымыздың ең жарқын көшбасшыларын қалың  көпшілік біліп жүрсін, кейінгі іні-қарындастар өнеге алсын деген мақсатпен "Нағыз алтын жастар" тізімін ұсынып отырмыз. Әйтпесе, жоғарыдағы оқырманымыз  ұсынған  адамдар аттары "Алтын Жастар" тізіміне кіреді деген түсімізге де кірмеген.

 

Армансыз адам жоқ. Ал арманның ең ұлығы - өз халқыңның өзгеден еңсесі төмен болмауы. Халық пен мемлекет еңсесі тек білім мен өнімділікпен ғана өлшенетін бұл заманда осындай арманын нақты іспен және ізденіспен ұштастырып жүрген жастар жетерлік, бірінен-біри аспаса, кем түспейді. Әрине әрқайсысы өз саласының үздігі. Тізімдегі барлық  10 адамның бәрі біреудің қолпаштауымен емес, керісінше қажырлы, өнімді еңбекпен жетістікке жеткен. Бәрі де қарапайым отбасынан шығып, бүгінде өз салаларының көшбасшылары атанып отыр.

 

Ең жарқын көшбасшы деп біздің сарапшылар Серік Сәпиевті таңдады. Серік Сәпиев қазақтың маңдайына біткен спортшы. Мақтанышы және бақыты. 1983 жылы, , Қарағанды облысы, Абай қаласында дүниеге келген боксшы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі.

Серік  Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007)  Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны. Қазақтың  маңдайына біткен қара домалақ баласы 11 жасынан бокспен шұғылданып, әлем мойындаған спортшы деңгейіне жетіп, Олимпиада чемпионы атанған. Бүгінде Серік жастарға үлгі  болған көшбасшы.

 

Екінші орында жастардың сүйіктісі, қазактың бақыты, Сыр елінің Толағай батыры - Илья Ильин. Илья Александрұлы 1988 жылы Қызылордада дүниеге келген  әлемнің үш дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011) және Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012).

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Балаға тән "анау не, мынау не" деп ілімін темір-терсек көтерумен бастаған Илья 8 жасынан зілтемір көтеруден бастап, 20 жасында Олимпиада чемпионы атанған. Оған дейін ондай жетістікке жеткен тек қана Бекзат Саттарханов еді. Бекзат тірі болса, сөз жоқ бұл тізімде ойып тұрып орын алар еді...

 

 Жарқын жастардың ең жас буыны Жансая Абдумалик тізімде 3 орынды алды. 12 жасар Жансая әлемдегі ең жас гроссмейстер болып табылады.

Дарынды қазақ қызы бүгінге дейін оқушылар арасында өткен Әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы, жастар арасында өткен әлемдік чемпионаттың 2 дүркін жеңімпазы, Азия жастары чемпионатының чемпионы болып үлгерді. Бүгінгі күні Жансая “Қазақ-Британ техникалық университетінің”  ең жас тәлімгері болып саналады.

 

 4-ші орында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті, жастарға көрнекті  үлгі болып жүрген көшбасшысы Саясат Нұрбек.

Саясат жастар арасында аты аңызға айналған тұлға болып табылады десек артық айтпаймыз.  

 

5-ші орында Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясынын бітірген жалғыз қазақстандық өкіліміз Мария Мудряк. 

Мария 5 жасында-ақ Гинесстің рекордтар кітабына енген. Кейін әйгілі “Ла Скала” театры жанындағы мектепте тәлім алып, бүгінде қазақ жастарының ең бір жарқын тұлғасына айналып отыр.

  

 

6-шы орынға футбол отаны Бразилия тарихындағы ең беделді футбол клубтарының бірі Ботафогода өнер көрсетіп жүрген футболшымыз Рауан Сариев тұрақтады.

Рауан қазіргі кезде үлкен үміт беріп отырған талантты спортшымыз. Рауан арманына жетіп, талантын ұштай түссе, онда теңбіл доптың шебері Рауанды өзі армандап жүрген “Милан” сапында көріп қалуымыз мүмкін.

 

 7-ші орында “Қазақ-Британ техникалық университетінің” аға оқытушысы, талантты компьютер маманы Дамир Елеусізов.

Жақында Дамир жаттықтыратын КБТУ-дың « acm ICPC» командасы әлемдік программалау байқауында 16-шы орынды алып келді. Әлемнің мыңдаған студенттері қатысқан бұл турнирде Дамир Елеусізов баптап жүрген команда, әлемнің беделді Princeton University, Carnegie Mellon University сиякты алыптарын шаң қаптырып кетті. Дамир Елеусізовтың есімі жоғарыда тізбектелген тұлғалардың есімдері сияқты көпшілікке танымал болмаса да, оның мемлекетіміздің озық ойлы талантты жастарын дайындаудағы және Қазақстан ғылымына қосып жүрген үлесі өте үлкен.

  

8-ші орында  “Nazarbayev  университетінің”  ғылыми қызметкері Қайрат Айтпаев.

Қайрат Франциядағы “Belfort-Montbéliard” технологиялық университетінде Phd дәржесін қорғауда. Оның информатика ғылымындағы беделі ғылыми ортада жоғары бағаланып, Қайраттың технократтық қабілеті, оның өзі  жүзеге асырған бірнеше жобаларымен айқындалған. Қайрат еліміздің технократиялық болашағына қомақты үлес қосып жатыр.

 

9-шы орында “Рудный индустриялды университетінің”  түлегі, қазіргі уақытта Ресейдің үздік экономистері шоғырланған ең беделді  "Высшая школа экономики" оқу орнында ғылыми жұмыстарын жүзеге асырумен қатар, магистр дәрежесін қорғап жатырған жас буын өкілі  Асқар Қожепьянов.

Осыдан 2 жыл бұрын Қостанай қаласының тумасы Асқар, бүкіл ТМД елдері арасында өткен "Әлемдік экономика" олимпиадасында 1 орынды иеленіп, өзінің осы салада үздік екенін дәлелдеді. Болашағы зор экономист Асқардың экономикалық ойлары мен тұжырымдары тың және жаңашыл. Асқар оқуын бітіріп Қазақ елінің экономикасының жаңа, бұрынғыдан өзгерек қарқында дамуына өз үлесін қосып қазақ жастарының көшбасшысына айналады деп үміт артамыз.

 

Осыған дейін жазғанымзыдай әлемдік алпауыт - қоғамдық желі  “Twitter” компаниясында қызмет ететін Қазақстанның бір ғана өкілі Асхат Мурзабаев еліміздің ең үздік жастарының бірі.

Жасына қарамастан Асхаттың есімі ақпараттар технологиясы әлемінде үлкен беделге ие болып үлгерді. Әлемдік алпауыт “Microsoft” компаниясының шақыртуын өзіндік принциппен қабыл алмаған Асхат бүгінде “Twitter” компаниясының программисті болып қызмет етеді. Асхат қарапайым отбасынан шыққан, үлгілі және еңбекқор жастардың алды болып, өзінің қарапайымдылығымен және білімділігімен “Eң жарқын жастар өкілдірі” тізімінің 10-шы орнына тұрақтап отыр.

 

Айқап.kz” Республикалық ақпараттар порталының талдау-сараптау орталығы.

 

Тұлға Қызметі Альма-матер
1  Серик Сапиев  Боксшы Александр Стрельниковтың бокс мектебі 
2  Илья Ильин  Ауыратлет Вилорий Пактың ауыратлеттер мектебі
3  Жансая Абдумалик  Шахматшы, гроссмейстер  KБТУ
4  Саясат Нурбек  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті.  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
5  Мария Мудряк  ДЖУЗЕППЕ ВЕРДИ атындағы консерватория  «Ла Скала» музыка академиясы
6  Рауан Сариев  «Ботафого» футбол клубы  «Жетысу» футбол клубы
7  Дамир Елеусизов  КБТУ, аға оқытушы  КБТУ
8  Кайрат Айтпаев  Nazarbayev University, ғылыми қызметкер  Suleyman Demirel University
9  Аскар Кожепьянов  "Высшая школа экономики" (Ресей), магистр  Рудный индустриалды университеті
10  Асхат Мурзабаев  "Twitter", программист  Suleyman Demirel University

 

 

Лебіз қалдыру

blog comments powered by Disqus
Download SocComments v1.3

новинки кинематографа
Машинная вышивка, программа для вышивания, Разработка макета в вышивальной программе, Авторский дизайн

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.