Ср01162013

Соңғы жаңару09:27:25 PM

Өмірлік қағида

Михаил Лермонтов

256px-Mikhail lermontov 

 

1841, Пятигорскте дүниеден озды.
Орыс халқының ұлы жазушы-поэты, прозиак, драматург, суретші, офицер.

(Жазып алған Сая Қызылбаева)

 

 

 

 

 

 

 

Ей, тәкәпарлық! Жер шарын көтергісі келген Архимедтің тұтқасы едің...

Әрбір тыныш ағып жатқан өзен шулы сарқырамалардан бастау алады. Ешқайсысы теңізге құяр сәтке дейін ойнап шуламайды. Бұл сабырлық әрдайым жасырын ұлы күштің сипаты.

Құрметтің шегі бар, ал махаббат шексіз.

Тіл мен алтын біздің қылыш пен у.

Қуаныш ұмытылса да, қайғы ешқашан ұмытылмас.

Өлімнен асып түсу мүмкін емес.

Зұлымдық зұлымдықты тудырар.

Қызғаншақтықты түсінуге болар, бірақ дәлелдер жоқ.

Бақыт тек қана бізді сүйетін және үнемі күтетін жерде ғана.

Мен өлімнен қорықпаймын, Мүлдем жоқ болып кетуден ғана сескенем.

Екі достың бірі екінішісінің құлы.

Махаббат қуанышсыз болса, айрылысу қайғысыз болады.

Шенеуніктің орнына еріксіз байланған данышпан не өлуі не ақылдан айрылу мүмкін.

Ешқандай кітап бақытты өмір сүруді үйретпейді.

Танымалдылық бұл тек қана сәттілік. Оған жету үшін айла керек.

Әйелдердің бір сезімтал қасиеті бар екенін мойындау керек. Олар үнемі жан сұлулығын тани білетін жандар.

Әйелдер танымайтын жандарды ғана сүйеді.

Жер бетінде ақымақтарсыз өмір сүру қызықсыз болар еді.

Халқымызды жетерліктей тәттімен тойдырдық. Бұдан асқазанның құртылғаны соншалықты, тек ащы дәрмектер пен шындық қана ем бола алады.

Махаббат от тәрізді. Отынсыз үнемі өшіп қалады.

Ар ақылдан сенімдірек.

Адамдар! Олардың барлығы осылай жаратылған. Мысалға бір жамандық ойластырсаң, көмектеседі, ақылдасады, тіпті басқа амалдың жоқтығынан іске асыруға ат салысады. Кейін ештеңе болмағандай, өздерінің осындай әрекет жасауға міндет алғандарынан алыстайды. Барлығы осындай. Тіпті ең мейірімді, ең ақылды дегендердің өзі осындай.

Егер поэзия біріккен дыбыстардың үндеуі ғана болмаса да, ол адам ойын жеткізетін құралдың ең ұлы түрі.

Адам өзі бұзылса, оған барлық дүние құрығандай көрінеді.

Кім бейбіт түрде билегісі келсе, билігі бар халықтың ризашылығы аясында болсын.

Көп зат сөзсіз тауып айтылады.

Істелген әрекет үшін ғана емес, сонымен бірге ниет үшін де азаптау керек. (!)

Қазіргі тарихта инабатты әрі сұлу, бірақ жүрегінен айрылған жаңа әйедердің тобы пайда болды.

Бос жүрек үнемі бірқалыпты соғады.

Аманатқа қиянат жасама. Құпияға бекем бол.

Әйел ақылынан артық түсініксіз ештеңе болмас. Оларды бір нәрсеге көндіру мүмкін емес. Сондықтан да, оларды өзін-өздеріне көндіру керек. Олардың сөйлеу тілін үйрену үшін мектеп қабырғасында қалыптасқан логиканың барлығын төңкеру керек.

 

(Айқап-ақпарат)

Предыдущая Следующая

Михаил Лермонтов

Михаил Лермонтов

    1841, Пятигорскте дүниеден озды. Орыс халқының ұлы жазушы-поэты, прозиак, драматург,... Толығырақ...

Сэр Чарльз Спенсер «Чарли» Чаплин

Сэр Чарльз Спенсер «Чарли» Чаплин

25 желтоқсан 1977 Швейцарияда дүниеден озды. Әйгілі ағылшын киноактері, сценарист, композитор ... Толығырақ...

ДЖОН ФИЦДЖЕРАЛЬД КЕННЕДИ

ДЖОН ФИЦДЖЕРАЛЬД КЕННЕДИ

        АҚШ-тың 35-і президенті, Массачусет, 46 жасында Даллас қаласында қ... Толығырақ...

Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов

            Мұхтар Әуезов Жазушы. 1961 жылы 65 жасында дүниед... Толығырақ...

Махамбет

Махамбет

        19 ғасырдың орта шенінде Ресей империясының отаршылдық саясатына ж... Толығырақ...

Қожа

Қожа

        Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повестіндегі Қожаның өмірлік ұст... Толығырақ...

Бердібек Соқпақбаев

Бердібек Соқпақбаев

      Классик жазушы Бердібек Соқпақбаевтың автобиографиялық "Балалық шаққа саях... Толығырақ...

Махатма Ганди

Махатма Ганди

    Махатма Ганди (2 қазан 1869 — 30 қаңтар 1948) —  Үндістанды Ұлыбританияның о... Толығырақ...

Лебіз қалдыру

blog comments powered by Disqus
Download SocComments v1.3

новинки кинематографа
Машинная вышивка, программа для вышивания, Разработка макета в вышивальной программе, Авторский дизайн

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.