Қазақ елі үшін не істеу керек?
Мынау қазақ еліне жаным ашиды деген адам екі нәрсені амал етпек. Біріншісі, қазақ үшін қолынан не келсе соны істейді. Екіншісі, қолынан іс келмесе яки шамасы болмаса, лаж жоқ, қазақ елі үшін тәһәджуд қылады. Осы екі нәрсені істемей, қазақ елі үшін жаным ашиды дегендердің сөзі - бос сөз. Өздері білмейді, бірақ жалғандыққа пара-пар. Мысал үшін сіз, аспен ауқаттануға ниетім түзу деп, тамақтанбай қоймайсыз ғой. Жақсы киім кию - бұл жақсы деп ойлап, кейін далаға тыр-жалаңаш немесе жарасымсыз киімді киіп шықпайсыз ғой... Бұл да сол сиякты. Егер адам бұны түсінбесе, өзі ойлағандай қазаққа жаны ашымайды. Біздің және басқа да "елім" деп әр жерде айтылып жүрген жазуларымызды түсінбейді, бірақ түсіндім деп ойлайды да "like" қояды. Демек ол газеттерден оқып жүрген жалған патриотизм идеясының аясында тентіреп жүрген біреу.
Ержан Алаш
Айқап.kz
Лебіз қалдыру

