Біздің Болашақ
Елімді дамытам десең - өз ортаңнан баста.
Сарайшық сапары
Болашақ бүгіннен басталады
Үстіміздегі 2012 жылдың соңғы айы Білім және ғылым министрлігі үшін және жалпы қазақстандық жұртшы¬¬лық үшін маңызды оқиғамен ерекше¬ленді. Республикамыздың Парламент Сенаты өткен жылдың басынан бері дайындалып, сан мәрте талқыланған «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заң жобасын қабыл¬дады.
Бұл елдегі білім берудің дамуына, сондай-ақ еліміздің де дамуына жаңа, сапалы кезеңге бастау береді. Өз тара¬пынан, сарапшылар: «қоғам білім алу¬ға мемлекеттің тарапынан қосымша қолдау шараларына зәру» дейді. Өйт¬кені Елбасы Н.Назарбаев жиі тілге тиек етіп жүрген «Ақылды экономика» осы адамзат капиталын дамытудың арқасында құрылады емес пе?! Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мемлекеттің бі¬лім беруге жұмсайтын қаражаты - әлеуметтік шығындар емес, болашақта табыс әкелетін толық инвестициялар.
