Ср01162013

Соңғы жаңару09:27:25 PM

Дархан Мыңбай, Мәдениет және ақпарат министрі: Кітапқа көзқарас - мәдениеттілік өлшемі

Таяуда ел халқына ұсынған «Қа¬зақстан - 2050» стратегиясында Елбасымыз: «Интеллигенция қалып¬тасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпы¬ұлттық құндылықтар жасауда алдыңғы қатарлы күш болуы керек. Олар заман¬ға сай және болашаққа құлшынысты болуға тиіс» деп атап көрсетті. Сондай-ақ бағдарламалы құжатта «Қазақ хал¬қы және мемлекеттік тіл даму үстін¬дегі қазақстандық азаматтық тұтастық¬тың біріктіруші ұйытқысы болып келеді» деп анық айтылды.
Осы тұрғыдан келгенде, халық рухани құндылықтармен жетілетіні, мәдени парасатпен елдік істерді жүйелейтіні түсінікті. Руханияттың қайнар көзі, дәстүрдің алтын арқауы - елге, яғни қалың оқырманға бере¬рі мол толыққанды туындылар, шыққан күндей шын шығармалар, атқан таңдай ақиқат дүниелер.
Кітап - қай заманда да киелі құн¬дылық, асыл қазына. Сондықтанда әрбір халық мәдениетінің биіктігі мен ділінің беріктігі шығарған кітабымен, оның мазмұнымен, көркемдігімен, са¬пасымен, сауаттылығымен өлшенетіні анық. Кезінде тарихымызды таратып айтып, дәстүрімізді дәріптеп жазатын заманды аңсадық. Сол мамыражай заман, міне, туды. Ел болып, еңсе тіктеп, сан алуан тақырыпта кітап шығаруға мүмкіндік алдық. Бейнелеп айтсақ, жазам деген адамға тақырып та жетер¬¬лік, жағдай да бар, басып шығарамын деген қаламгердің баспасы және дайын.
ТМД елдері ішінде кітап шы¬ғару ісіне қолдау көрсетіп жатқан нақ Қазақстан¬дай бірде-бір мемлекет жоқ. Мәселен, 2011 жылы елімізде жалпы таралымы (тираж) 16 млн 300 мыңнан асатын 5324 аталым кітап жарыққа шыққан екен. Бұл кө¬¬рс¬еткіш адам ба¬сы¬¬¬¬¬¬¬¬¬на шаққанда жыл сайын мем¬лекетіміздің бір тұрғынына бір кітаптан келетінін көрсетіп тұр. Аталған ме¬же жылдан-жылға өсіп келеді. Бірақ «біз сан қуамыз деп сапаға нұқсан келтіріп жатқан жоқпыз ба?» деген заң¬ды сұрақ алдымызда көлденең тұрады.
Айтайық дегеніміз, кітап бір күн оқы¬лып, ертеңінде ескерусіз қалатын мерзімдік дүние емес. Ол - ұрпақтан ұрпаққа мирас болатын рухани жәдігер. Қазір біз әйгілі «Алексан¬дрия кітапханасы» мен «Отырар кітапха¬насын» аңыз етіп айтамыз. Сондай-ақ Армениядағы Матенадаран қолжазбалар орталығында V ғасырдан бергі көне кітап¬тар сақтаулы тұр. Бұл мұралар армян хал¬қы¬ның ұлттық мақтанышына айналған. Тасқа басылған кітапты қадір тұтып, киелі санау - әлем халықтары секілді, біздің ұл¬тымыздың да әлімсақтан бергі қасиеті. Кеңес¬тік тоталитаризм жылдары араб қар¬пін¬де жазылған ескі жәдігерліктердің бар¬шасына тыйым салынғанда, тығырыққа тірелген аталарымыз оларды киізге орап, кесене, зираттарға апарып жасырғаны, көмгені - ескішілдіктің сарқыншағы емес, көмекті кімнен күтерін білмеген шарасыз¬дық еді. 50-жылдардың соңында бірсыпыра бастамашыл адамдар «Абайдың қолжаз¬басы, кітабы біріктірілген қос қазанға жасырылған екен» деп, Қарауылды әрі-бері кезгенін де жұрт аңыз қылып айтады. 70-жылдары Отырарда археологиялық қазба жұмысы жүргізілгенде, халықтың бірінші сұрағы - «кітапханасы табылды ма екен?» болғанын да жасырмаймыз. 90-жылдары Алтайдан Атырауға дейінгі ауыл¬дарда ескі кітаптар табылып жатты. Тіпті Орталық Азиядағы үлкен мұқабалы Құран¬ның бір нұсқасы қарапайым қазақ ауылы¬нан шықты. Тарихымызда «кітап ұстаған», «кітап ашқан», «абыз» («хафиз» - арабтың сөзі, «жаттаушы» дегенді білдіреді) деген ұғымдардың да ізі сайрап жатыр. Ата-баба¬ла¬рымыз заманында Құран сөзін кітап сөзі¬не балап, оған имандылықпен, асқан ыж¬даһаттылықпен қараған. Айналып кел¬ген¬де осының бәрі халықтың рухани мұра¬ға деген, кітапқа деген қамқорлығы мен құр¬меті еді.
Осы тақырыпқа орай мына бір тағы¬лым¬ды оқиға есіме түсіп отыр. Есімі елге танымал мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың екі мыңыншы жыл¬дың басында Шымкент қаласына сапарлап келді. Бұл кісі кезінде осы облысты басқа¬рып, бойындағы бар қажыр-қайраты мен тәжірибесін өңірді өркендетуге жұмсаған айтулы тұлға-тын. Сол еңбегіне сай жұрт жапырылып құрмет көрсетіп, Асекеңе: «Сіз Шымкентке дүйім жұртты қызықты¬ратын дендропарк, ипподром салдырып бердіңіз, бұл ісіңіз ұрпақтан ұрпаққа мәң¬гіге қалады» деген сыңайда мақтау-мара¬пат¬тау сөздер айтып жатты. Сол кезде Асан¬бай Асқарұлы ойланып тұрып: «Хал¬қымызда «елу жылда - ел жаңа» деген сөз бар. Заман өзгерген сайын, әр ұрпақ ғи¬мараттарды өз талғамына сай өзгерте беруі мүмкін. Ал ұрпаққа мұра боп жететіні - тек кітап қана. Соны ойлай келе, көп даяр¬ланып, ұзақ толғанып «Ұлы Тұранның ұл¬дары» атты кітап жазып, жақында жа¬рық¬қа шығардым. Кітап шығару да үлкен ілім екен. Тәуелсіздікке қол жеткен соң бұрынғыдай Мәскеуге жалтақтамай жазу үшін көп нәрсені қайта ақтарып, жаңаша жүйелеуге тура келді. Соның арқасында бірталай әдебиетті қайта оқып шықтым. Ұрпақ алдында тындырған шаруам, қалдырған мұрам деп осы кітабымды айтар едім. Бұл еңбегім замандастарыма, тұс¬тас¬тарыма ғана емес, келер ұрпаққа арналады. Жиған-тергенімді, көрген-түйгенімді қа¬ғаз¬ға түсіруді де үлкен сауапты іске санадым» деген еді.
Айтса айтқандай-ақ, кейін Шымкент¬тегі дендропарктің жан-жағы жекеше¬лендіріліп, өзгеше құбылды. Ипподром да өзгеріске түсті. Қарап тұрсақ, қайраткер ғұмыр тәжірибесін салмақтап, көріп-біліп айтқан екен. Бұл жерде өмір көрген, көңілге көп нәрсе түйген, ұдайы ат үстінде жүріп, жазу-сызудан алшақтап қалған адамның кітап шығаруға деген құрметін, оған деген жауапкершілік сезімін аңғара¬мыз.
Бүгінгі қоғамда «кітап оқитындарға қарағанда кітап жазушылар көбейіп кетті» деген сын-пікір айтылып қалады. Әдебиет атты күмбезді өз қолымен қаласып жүрген белгілі ақын-жазушылардан бөлек кітап жазуды «көрінсем, жарқырасам» деп атақ қуып, ермек еткен әуесқой жазармандардан аяқ алып жүргісіз.
Жалпы, салақиятты, көзіқарақты жұрт ұғынуы тиіс бір мәселе бар. Қаламгер жақ¬сы жазылған кітабының міндетті түрде жарық көретініне, рухани құндылықтар қатарына енетініне кәміл сенімді болу керек.
Ал жақсы кітап деген не? Оның өлшемі қандай?.. Жақсы кітап бұрын-соңды жа¬рық көрмеген, жұртшылыққа ой салып, жан¬сарайын ашатын, тәлім-тәрбиелік мәні терең, ақылдың кені, кісіліктің кілті болуға тиіс Бұдан бөлек, кітаптың басты құндылы¬ғы саналатын сауаттылығы мен көркем¬ділігімен қоса, полиграфиялық бе¬зендірілуі (дизайны), қаріп түрі (жас ерек¬шелікке қарай әріп тұрпатына дейін түрлі өзгерісті қажет етеді) талапқа сай мінсіз болуы керек.
Бүгін ақыл таразысына салып, сабыр¬мен қарайықшы: осы талап орындалып жатыр ма?
Қазіргі әсіре іскері, пысығы бар, данқ құмары бар - көп адам қолдағы қаржысын, байлық пен беделін пайдаланып кітап шығарғысы келеді. Жасыратыны жоқ, баз біреулер дүниесін малданып, сапасы мен сауаты төмен «кірпіштерді» басып жа¬риялауды үрдіске айналдырды. Ал бірақ ол кітап оқырман талғамын өсіре ме, өшіре ме, бәсекеге шыдай ма, шыдамай ма - ол жағына басқа біреулер, басқа ғасырда бас қатыруы керек секілді. Біраздан бері ай¬тылып келе жатқан тағы бір күрделі мәселе бар. Жазуға икемі барлар облыс, мекеме басшыларынан жалынып-жалпайып кітабын шығартып, содан кейін «өткізіп бер» деп тағы да сол орындардың маңайын жағалап жүру әдетінен әлі де арыла алмай келеді. Тіпті әлгідей әдіспен кітабын шыға¬рып алған кейбір талапкерлер, таныс-тамырлықпен кеден қызметкерлеріне, дәрігерлерге, теміржолшыларға әке-көке¬леп өткізіп кететіні де айтылып жүр. Көз¬бен көргендердің айтуынша, ақырында әлгі кітаптар кеден, темір жол бекеттері мен аурухана бұрышында үйіліп, жосықсыз материалға айналады екен. Бұл мемлекет пен халық алдында обал емес пе?! Сонымен бірге сұранымы болмаса да, оқырманы табылмаса да бір шыққан кітапты қайта-қайта бастыру автордың өзі мен баспаның беделіне нұқсан келтіретін жайт болуы керек.
Жалпы, автор табу, кітап әзірлеу, оны жүйелі басып шығару, адресті оқырманға жеткізу - ұлт мәдениетінің құрамдас бөлігіне айналуы тиіс. Бүгінде «Бір жылда бес кітап шығардым» деп мақтанып, күпінетіндер ақын-жазушы деген тұлғаның пародиясы ретінде ұғынылатын кезге келдік. Қанша дарынды, алғыр болса да ешбір жазушының бір жылда бес, тіпті үш кітап жазуға адами, рухани, тіпті кәсіби мүмкіндігі жетпейтінін естен шығармайық. Әрнені үзіп-жұлып, от басы, ошақ қасын¬дағы әңгімелерді дом¬баздап, өзінің физио¬логиялық қажеттілігін өтегеніне дейін тізіп жаза берсе, әдебиеті¬міздің әлеуеті, кітабы¬мыздың кепиеті қаншалықты деңгейде қожырамақ? Егер кітап сауатты, маңызды, аса құнды болса, оқырман бір-бірінен естіп, оны іздейді, қалай да оқығанша асығады. Демек, ең әуелі жақсы жарнама да, мүшелін молынан қайыратын жылнама да - жақсы кітаптың өзі.
Кітап шығару ісінде сөкеттеу көрінетін мына бір келеңсіздікті де айтпай кетпеуге болмайды. Мысалы, қоғамдық маңызы бар тақырыпты қозғайтын кітапқа талғамы төмен автор өзінің отбасылық суреті, яғни бажа- балдыз, абысын-ажын, бөле, жиен, жекжат-жұрағат, құдаларының суретін енгізеді (астына ұялмай «менің құдам, тү¬генше, т.с.с», «құдамның құдасы Бура¬бай¬да», т.б. жазуларды да қыстырып қояды). Бұл - қай жағынан алып қарағанда да эти¬ка¬лық нормаға, өркениеттілікке жатпайтын жағымсыз жайт. Бұған қоса, суреттердің астына жазылатын мәтін біресе бірінші жақтан, енді бірде үшінші жақтан жазыла береді. Фамилиясын, атын жазуда бірізділік жоқ. Суреттің астындағы сөздер ой салудың орнына, жұртшылықты үркітетін ессіз сөздермен, орашолақ тіркестермен тіз¬бек¬телетінін де байқап жүрміз. Әрине, әулетке, шектеулі тума-туысқа арналған альбом, естелік, мерейтойға арналған құт¬тық¬таулар жинағы, мемуар кітап өз алдына, жеке басылып шықса, жанрына сай болса әңгіме басқа болар еді. Оған тыйым салуға болмайды, тек әдептен озбай, орнымен, ұрпаққа лайық етіп шығарған абзал. Бұрын-соңды таныс-біліс болмаса да ха¬лықтың танымал тұлғаларын әлдебір іс-шараларда, жекелеген той-томалақта, мерекелік концерттерде көріп қалып, олар¬мен жанасып суретке түсіп, кейде сыртынан ресімдеп, өзінше сурет қорын жинап, соның бәрін кітапқа кіргізіп жіберу дарақылық қана емес, ұят тірлік дер едік. Бұл - ең әуелі авторға, сонан соң сол кітап¬ты шығарған баспаға сын болуға тиіс.
Бүгінгі қазақ қағазы мен кітабы ұяттан беті қызарып тұр. Баспагерлер қаржы-қаражат жолында мораль, этика (әдеп) дегенді жинап қойып, кез келген тапсырыс¬ты қомағайланып ала береді. Ертеңгі күні сапасыз кітаптағы баспа аты сол мекеменің мәңгілік сапасыздық, жауапсыздық қоңы¬рауы болатынын ескермейді. Өз абырой-беделін, имиджін ойламайды. Ақшасын берді екен деп, барлығын кітапқа тоғытып сапырылыстыра беру - баспагер¬дің өзін, кәсібін сыйламауы, тіпті мәдениетсіздігі дер едік. Сонда баспалық өлшемдер, поли¬графиялық шешімдер қайда қалды? Мәсе¬лен, дастарқан басында тамақ ішіп отырған суретпен қатар, біреуді ақтық сапарға шығарып салып жатқан фотоны беру тәжірибесіздік пе, талғамсыздық па? Не үшін, кім үшін беріліп отыр? Дәлірек айт¬сақ, үйдегі отбасылық альбомда жиналатын суреттерді жалпы оқырманға ұсынудың қаншалықты қажеті барын автор да, бас¬пагер де білетін уақыт жетті деп ойлай¬мыз.
Көпшіліктің кітапқа деген ынтасы сая¬бырсып бара жатқанда, азды көбейтеді деген ықыласты оқырманды осындай сүреңсіз кітаптармен үркітіп алмаймыз ба? Олар «шығарылған кітаптардың сиқы мынау болса, жазушыларың анау болса, басқадан не үміт, не қайыр?» деп теріс айна¬лып кетпей ме? Енді 30-40 жылдан кейін бүгінгі шығарылып жатқан кітап үшін ұлт ретінде, қоғам өкілі ретінде ұялмаймыз ба?
Рас, кез келген істен елге, ортаға, өзіне пайда іздегені дұрыс шығар. Алайда халқымыз «Құсты сойса да, құланды сойса да қасапшы сойсын» демей ме? Кітап шығарудың технологиясы исі мұрнына бармайтын жекелеген «баспагерлер» ұлт классиктерінің мұраларын жариялауды әдетке айналдыра бастады немесе «шығарамыз» деп оңды-солды жарнамалап жүр. Сондайлардың кесірінен ертеңгі күні Абай мен Мағжан, Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов және басқа да көрнекті тұлғалар мұрасы қате, жүйесіз басылса, әлем алдында масқарамызды шығармай ма? Дүниеде текстология деген ғылым саласы бар, бізде ол кешеуілдеп дамып отыр. Корректоры қыдырып кеткен, ре¬дакторы басылымға көз салмай ақша алатын, «негізгі нұсқаны» сауатсыз, «әді¬лет» пен «әбілетті», «жиһан» мен «жиған¬ды», «сақар» мен «сахрды» түсінбейтін ко쬬пьютерші басқан «классика» қазақ әдебиетін және оның мың сан оқырманын қай жарға құлататынын ойлаудың өзі ауыр.
Негізі, классикалық мұра алғысөзбен, түсініктермен жариялануы тиіс. Өйткені тұлғалардың жазғандарына әр кезең-дәуірдің өз бағасы болуы тиіс. Бұл - оқыр¬манды оқытатын, талғамын өсіретін жол. Біздің құлықсыздау баспагерлеріміз жаңа замандағы кіріспе авторын іздемей, «ком¬ментарий» дегеннің не екенін де аңғар¬май, данышпан мұрамызды құйрық-жалын күзеп шығарып жатқанын неге жасырамыз? Жалпы, классиканы даярлауды белгілі ғылыми бағыттағы мекемелерге берген дұрыс. Мысалы, Мұхтар Әуезов мұрасын тек «М.Әуезов музей-үйі» әзірлесін. Сонда сұраушы да, сұралатын да болады. Абайды даярлауды бірнеше қаладағы Абайтану орталықтарының біріне сеніп тапсырайық. Классикалық мәтін даярлаушылардың еңбегін де, өнбегін де (шәкірт даярлауын) барынша қолдайық.
Мұра-кітаптың да, бүгінгі көркем шы¬ғармалардың да оқырманға жетіп, мем¬лекеттің рухани дамуы қажетіне жарауы - аса маңызды іс. Осы орайда білікті қа¬лам¬герлер мен ғалымдар қауымы әлемге та¬нымал «Бір ел - бір кітап» шарасын өткізіп жүргенін мақтанышпен айтамыз. Бұл шара көрнекті ақын-жазушының кітабын республика көлемінде насихаттап, жас ұрпаққа оқытуды, таныстыруды көздейді. Ол акция ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана бастама¬сымен 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.
Ел жаппай оқуға тиіс кітап ретінде бірінші Абайдың «Қара сөздері» таңдалды. 2008 жылы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заманы», 2009 жылы Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері алға шықты. «Жыл кітабы» мәр¬тебесін 2010 жылы Жұбан Молдағал¬иевтің «Мен - қазақпын!» поэмасы, 2011 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» рома¬ны, 2012 жылы Оралхан Бөкейдің прозасы алды. Акция Отанымыздың барлық кітап¬ханасында өткізілді.
Әрине, кітаптың оқырманы да, бағалау¬шысы да - халық. Бірақ біз кітап сыны, рецензия деген ұғымдардан көз жазып қалғандаймыз. Республикалық газет-журналдардағы бір тілім таныстыру, екі-үш сөйлем аннотация кітап сынының жүгін көтере алмайды. Біздің жоғары оқу орын¬дарында профессор Тұрсынбек Кәкішев енгізген «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» курсын жандандыратын, салаландыратын уақыт әлдеқашан туды.
Кітапты мазмұндау немесе сыпыра мақ¬тау - бүгінгі «сынның» сипаты. Кезін¬дегі М.Қаратаев, С.Қирабаев, А.Нұрқатов, М.Базарбаев, Р.Бердібай, т.б. тұлғалардың сынындай дүниелер баспа ісі үшін де, оқырмандар үшін де ауадай қажет. Мысалы, өкінішке қарай, қазір қарапайым қалам¬гер¬лер түгіл, әдебиетшілердің өзі атын ауыз¬ға сирек алатын Мұхамеджан Қара¬таев¬тың көркем аударма туралы сынын Тәуелсіз Қазақстанның практикалық тіл саясатына орайлы пайдалануға болушы еді.
Баспа - басып қана қарап отыратын ксерокс-мекеме емес. Бүгінгі баспагер¬леріміз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқаны¬мызды ешқашан ұмытпауы керек. Жақында ХІХ ғасырдағы Ресей баспагерлері өнімдері мен бүгінгі біздің кейбір баспа өнімдерін салыстырып, ойланып қалдық. Шынында, кәсіпті сүю, оған адал болу, шын берілу маман¬нан жетілуді, өз ісіне жауапкер¬ші¬лікпен қарауды талап етеді екен. Әйтпесе ол заман мен бұл замандағы техниканы, технологияны салыстыруға бола ма?
Шығарған өнімнің тұтынушыға өтуіне, яғни оқырманға жетуіне ең әуелі баспа, оның менеджерлері мүдделі болуға тиіс. Бұл шығармашылық жұмыстан кем емес. Яғни тиісті мониторинг жүргізу, өнімді өз дә¬ре¬жесінде насихаттау (алдын ала жар¬на¬малау, жарық көретін мезгілін хабарлау, са¬рапшылардың пікірлері арқылы оқыр¬мандарды іздеу, табу, таныстыру рәсімін өткізу, сатылған данасы, түскен пайда көлемі жөнінде ақпарат тарату, басқа да жоспарлы істер) жүзеге асырылуы қажет.
Жалпы, мамандандырылған баспа¬ларды дамыту, бәсекелестік ортаны тол¬тыру арқылы алға басатын іскерлерге заң да, заман да мол мүмкіндік беріп отыр. Экномиканың барлық салаларына ар¬налған кітаптарға, әсіресе, мемлекеттік тілдегі, болашақта латын тіліне көшудің кешендік іс-шараларын ескеретін сан алуан әде¬биетке деген сұраныс та жасақ¬талатын болады. Мұны ескеру керек.
Басып шығарған кітаптарының сатыл¬ған данасы - баспаның басты көрсет¬кіші ретінде рейтингтік деңгейін анықтайтын болады. Ал мемлекет тарапынан берілген қаржыны ғана игеріп, аспанға қарап отыратын кез әлдеқа¬шан құрдымға кеткен. Жазушы жақсы бас¬паны, баспа жақсы жазушыны іздейтін за¬ман, яғни нарық заманы келді.
«Судың да сұрауы бар». Мемлекеттің әрбір тиыны есептеулі. Қазақстан үкіметі мемлекеттік тапсырысты сапалы, таңдаулы, бәсекеге қабілетті кітапқа беріп отыр. Оқып отырып қатесіне жүйке таусылатын балдыр-батпаққа, макулатураға тапсырыс беріп отырған жоқ. Елін, Отанын сүйетін, жауапты баспагерлер мұны жақсы түсінеді деп ойлаймыз.
«Өз ақшасына шығарып жатқандар өзі біледі» деп кітап, баспа өніміне немқұрайлы қарау қалыптасқан мемлекеттің кез келген көзі ашық азаматына, зиялы қауымына жараспайтын іс, кір келтіретін әрекет деуге болады. Өйткені бүгінгі кітап - ертеңгі ел мұрасы, халық қазынасы, тарихымыздың айнасы.
Сондықтан ендігі жерде халық пен тиісті мамандар қажет деп тапса, баспа саласы мамандарын қоғамдық аттестат¬таудан өткізу мәселесін талқылаған жөн шығар. Сондай-ақ баспа қызметкерлерін біліктілікті көтеру курсынан, республикаға белгілі баспагерлердің шеберлік сыны¬бы¬нан өткізіп отыру немесе оқытуға шетелдік білікті мамандарды тарту - уақыт талабы. Саннан сапаға көшуге, бәсекелестік біліктілік көшіне ілесуге баспа мүдделі болуы тиіс. Осы орайда кәсібіне шын жаны ашитын баспагерлер, зиялы қауым, сауат¬ты, көзі ашық жастар интернет, баспасөз беттерінде пікірталасқа қатысуы, ойларын ашық айтуы қажет деп есептейміз. Бұл - баспа және кітап ісі саласындағы көп ора¬лымсыздықты жоюдың және кітап басып шығару мәдениетін жүйелеудің бір жолы болар еді.
"Айқын"

Лебіз қалдыру

blog comments powered by Disqus
Download SocComments v1.3

новинки кинематографа
Машинная вышивка, программа для вышивания, Разработка макета в вышивальной программе, Авторский дизайн

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.