KFCnew
Экономика теориясындағы тұрақты сұранысқа ие тауар түрлері болады. Ол тауар түрлеріне күнделікті адамның тұрмыста тұтынатын заттарын жатқызамыз. Адам үшін ең қажетті нәрселердің бірі тамақ. Қорексіз адам өмір сүре алмайтын болғандықтан, кез-келген жан қарынның қамын бірінші орынға қоятыны белгілі. Үй жағдайында тамақ жасауға мүмкіндіктері болмайтын жұмыс басты адамдар, студенттер, оқушылар және тағы басқа әлеуметтік топтар негізінен асханалар мен фастфуд тағамдарын ұсынатын жерлерден тамақтанады. Фастфуд өнімдері үлкен сұрыныс ие екені белгілі. Себебі фастфуд жылдам әрі дәмді. Бірақ сіз өзіңіз тұтынатын фастфуд өнімдері туралы ақпаратыңыз жеткілікті ме? Білмесеңіз біліп жүріңіз!
Зақаш Камалиденов: «Кешірім сұрау үшін қателігімді көрсету керек»
1936 жылы Атырау облысы, Исатай ауданында туған. Қазақстан Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің дербес зейнеткері.
1985-88 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы қызметін атқарған
Балаларға обал жасағанымыз рас...
- Зақаш аға, өміріңізде пір тұтатын, үлгі тұтатын тұлғаларыңыз бар ма?
- Мен үш тұлғаны өзімнің ұстазым деп есептеймін. Біріншісі - Нұртас Оңдасынов, екіншісі - Димаш Ахметұлы Қонаев, үшіншісі - Юрий Владимирович Андропов, сол кездегі КСРО МҚК-нің төрағасы.
- Не себепті бұл кісілерді үлгі тұттыңыз?
- Мен өзім мұнайшымын, Мәскеуден институт бітіріп келгеннен кейін мұнай саласында істеп жүргенмін, Ембіде, Қаратон деген жерде. Нұрекең сол жерден шақырып алып, комсомолға жіберді. Әуелі Жылыойда аудандық комсомол комитетін басқардым. Ол кісінің өзі ол кезде Гурьев обкомының бірінші хатшысы болды. Бұл - 1961-63 жылдар. Мені қасына шақырып, Гурьев облысы комсомол комитетінің бірінші хатшысы қылып сайлады. Көп нәрсені Нұрекеңнен үйрендім.
Ақтау қаласында екінші хатшы болып бес жыл істедім. Содан кейін мені Мәскеуге СОКП Орталық комитетінің жоғарғы партия мектебіне оқуға жіберді. Партия мектебін қызыл дипломмен бітіріп шықтым. Одан кейін Гурьевте облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы қылып сайлады. Бес ай істедім. Сол жерден Димаш Ахметұлы Қонаев мені шақырып алып, комсомолға бірінші хатшылыққа ұсынды.
- Бұл қай жылы?
- 1970 жылдың 2 желтоқсанында республика комсомолының бірінші хатшысы болып сайландым. Сол жерде 8 жыл еңбек еттім. 1978 жылы Димаш Ахметұлы мені Целиноград облыстық партия комитетіне екінші хатшылыққа жіберді, бір жарым жылдай сонда қызмет жасадым. Тың өлкесінде тың игерумен айналыстым. Сол жерден Қонаевтың ұсынысымен бе, әлде ол кісінің өзі таңдап алды ма, Мәскеуге Андропов шақырды. 1979 жылы наурызда Мәскеуге кеттім, КГБ аппаратында аға инспектор, бөлім бастығы ретінде бір жыл жұмыс істедім. КГБ жұмысының қыр-сырымен танысып, Алматыға қайттым. Алматыда КГБ төрағасының орынбасары болып істедім.
Азаттық үшiн арпалысқан азамат
Кеңестiк идеологияға қарсы ашық күрес жүргiзген Орта Азиядан шыққан дара диссидент – Махмет Құлмағамбетовпен соңғы сұхбат
Кеңестiк жүйенiң ыдырап, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттердiң жеке шаңырақ көтеруiне сол кездегi кеңестiк идеологияға қарсы күрескен диссиденттердiң қосқан үлесi ерекше. Кеңестiк қатаң қысым қадағауларына қарамастан шыбын жандарын шүберекке түйiп, ол кездегi жүйе мен идеологияның олқылықтарын тайсалмай айтуда асқан ерлiк пен табандылық танытқан осы қайраткерлердiң демократия орнатудағы қызметi зор.
Бүгiндерi алыста қалған кеңестiк идеология туралы екiнiң бiрi сын айтып, кемшiлiктерiн көрсетуде. Бiрақ, кеңестiк кезеңде, әсiресе оның қылышынан қан тамып тұрған 1960 жылдары оған қарсы келу кез келген адамның қолынан келмейтiн едi. Өйткенi, бiрiншiден, ол кезде идеологияның кемiстiктерiн көре бiлу үшiн ерекше бiлiм және дарын, екiншiден, даналық пен көргендi ашық айту үшiн де жүрек жұтқан батылдық керек едi.
НАЗАРБАЕВТАН КЕЙІН немесе бізге революция ма, эволюция керек пе?
Билікті демократиялық жолмен ауыстыру мәдениеті қалыптаспаған, тәжірибесі жоқ Қазақстан үшін тарихында болмаған өте ауыр сынақ тұр. «Таң атпаймын десе де күн шығады» демекші түбі президенттің ауысатыны ақиқат.
Билік тетіктерінің барлығы бір басшыға шоғырланғандығы, тұтас бір мемлекеттің тағдыры бір ғана адамға байланысты болғандығы халықтың алаңдаушылығын күшейтіп жіберді. Себеп күні бүгінге дейінгі тұрақтылық пен тыныштыққа кепіл бола алған президентіміз Н.Назарбаевтың өміріне ешкімнің кепілдік бере алмауында. Өйткені адам өміріне тек Құдай ғана кепілдік бере алады. Сондықтан халықтың «ертең қандай басшы болады және қандай жолмен келеді» деп тағдырына, болашағына алаңдағаны заңды.
Келесі президенттің келуін құқықтық жағынан реттегенімізбен бұл оның не моделі, не механизмі емес. Яғни Конституцияда жазылған норма, механизм емес. Ертең төтенше жағдай кезінде билікке таласушылар Конституцияны айналып өтетінін ел біліп отыр. Қауқарсыз Парламент туралы сөз қозғаудың өзі артық.
Болат Мүрсәлім: «Олар – Алаштың алтын дидары»
2017 жылы Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Осындай тарихи кезеңнің қарсаңында, Алаш орданың мерейтойын өз деңгейінде лайықты атап өтуіміз керек. Оған дайындық шаралары бүгіннен басталуы тиіс. Яғни, Алаш орда тарихы фотоальбом түрінде, ғылыми зерттеулер, әдеби һәм драматургиялық шығармалар негізінде жарық көріп, деректі және көркем фильмдер түсірілуі, т.б. іс-шараларда көрініс табуы тиіс. Жуырда журналист Болат Мүрсәлім құрастырған «Алаш орда» фотоальбомының таныстырылымында тарихшы Мәмбет Қойгелді, жазушы-баспагер Дидахмет Әшімхан, саясаттанушылар Ерлан Қарин, Айдос Сарым, «Аbai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат және тағы басқа азаматтар осы мәселені қаузады. «Алаш» қозғалысы мен үкіметіне ғасыр толу қарсаңында атқарылған игі істердің бірі - «Нұр Отан» ХДП қолдауымен, «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының демеушілігімен «Орхон» баспа үйінен жарық көрген «Алаш орда» фотоальбомы. Аталған жинақ «Атқан таң», «Оян, қазақ!», «Алаш автономиясы», «Жанпида», «Абақты жолы», «Тағзым» атты бөлімдерден тұрады. Осы орайда, фотоальбом авторымен аз-кем тілдескен едік.

