Келе жатқан жаңа жылдың жаршысы Наурыз мейрамы құтты болсын!
Жаңа жыл қыста дейсіз бе? Естіген емеспін! Жаңа жыл жұты бар қақаған қыс қақарын төгіп тұрғанда дейсіз бе? Естіген жоқпын! Жаңа жыл табиғат қар астында қалып, бүкіл тіршілік көзі су да қатып, табиғат тіршілігі мәнін жоғалтқан кезде дейсіз бе? Естіген жоқпын!
Төлен ӘБДІКҰЛЫ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: БІЗ ХАЛЫҚТАН ҰЯЛУЫМЫЗ КЕРЕК
- Аға, жазушылардың барлығы өзінен гөрі шығармашылығы туралы айтқанды жақсы көретінін білеміз. Бірақ адамдарды өз басынан гөрі біреудің жеке басындағы жағдайлардың, не ішіп, не жегені қызықтыратыны, қалай өмір сүретінін білуге құмарлық билейтіні несі?
- Жазушы, шығармашылығынан басқа, не туралы айта алуы мүмкін? Өзің туралы өзің айту тіпті ретсіз. Шығарма туралы айтсаң, өзіңнің дүниетанымың, азаматтық ұстанымың, шығармашылық лабораторияң жайында ой бөлісесің.
Егер біреулерді жазушының жеке басы қызықтырып жатса, ол да табиғи нәрсе. Толстойдың, Бальзактың, Диккенстің қандай адам болғанын кім білгісі келмейді? Олардың жеке бастары туралы жазылған толып жатқан кітаптар бар. Ал әңгіме, жаңағы өзіңіз айтқандай, не ішіп, не жеді дегеннің төңірегінде кетсе, ол әшейін пенделік өсек-аяң болып шығады. Оны жақсы нәрсе деп айта алмаймын.
- Сізді, Әбіш, Олжас ағаларымызды, билікке қызмет етіп жүр деп жазғырып жатады. Бірақ осыны айтатындар біздің бәріміздің билікке қызмет етіп жүргенімізді ескермейді. Тек біріміз үлкен дәрежеде, біріміз кішкентай боп... Өзіңізге осыны туралап айтып, бетіңізге салық қылып басқысы келіп тұратындар бар ма?
Рас, Әбіш те, Олжас та биік лауазымды қызметте болды. Гете министр болған, Абай болыс болған, Салтыков-Щедрин - вице-губернатор... Мысалды жалғастыра беруге болады. Бірақ мәселе басқада болар. Белгілі бір жүйеде қызмет істеу бар да, биліктің сойылын соғып, шаш ал десе, бас алып, бастыққа қызмет ету бар. Екеуі екі бөлек нәрсе. Сатиралық шығармаларымен монархиялық режимді аяусыз сынаған Салтыков-Щедринді, вице-губернатор болса да, билікке қызмет етті деу қиын. Халыққа қызмет етті десек, дәлірек болар.
Арман алға жетелейді
Талдықорғандық қос қыз Мөлдір Қожахметова мен Галина Машкова өз кәсібін ашып, дөңгелетіп әкетіпті.
Алматы облысының орталығы - Талдықорған шаһарының үлкен көшелерінің бірінде, адамдар көп жүретін жерде өз мүмкіндіктеріне сай келетін дүңгіршек орнатып, түріктің «Дөнер Кебабы» мен бәлішін дайындап, нәпақаларын тауып отыр бүгінде.
Бала шақтан бір-бірінен ажырамаған қос қыз - Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында ораласқан «Айналайын» балалар үйінің түлектері. Тағдырдың тәлкегіне түсіп, ата-анасынан ес білмейтін кездерінде айырылып, содан бергі кезеңде әкенің қамқорлығы мен ананың мейіріміне шөлдеп өскен, үлкендердің жан жылуын тәрбиешілерден тапқан құрбылардың басқа кәсіпкерлерден басты ерекшелігі де, ерлігі де міне осында.
«Айналайын» балалар үйінің директоры Жамал Баймадиева қос қыздың айналысар кәсіптер қиналмай тапқандығына қуанатындығын жайдары жүзбен жеткізіп, жақында ғана оларға тоңазытқыш сыйлап, қолдау көрсеткенін жымия отырып әңгімеледі.
«Тәуелсіздіктен» тәуелсіздік алатын күн де келген сияқты
Кеше ғана Елбасы халыққа жаңа жолдауын жолдады, Қазақ елінің ХХІ ғасырдың ортасына дейінгі стратегиясын негіз еткен жолдау «Қазақстан - 2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»-деп аталды. Демек, біз мемлекет ретінде «қалыптасқан немесе өз орнын толық иелеген ел болдық деген»-мағана береді. Жолдауда Қазақстан да¬муының 2030 жылға дейінгі стратегиясының басты бөлімінің жоспардан ерте орындалғандығы, соған байланысиы 2050 стратегиясы қабылданғандығы айтылды. Бұл әрине, баршамызды қуантатын жақсылық, жан сүйінтер жаңалық.
АЛКОГОЛЬ ЖӘНЕ САЯСАТ немесе Елбасымыз не үшін шампанның орнына қымызды ұсынды?
Кедендік одаққа кіргелі бері елімізде алкогольді тұтыну мөлшері күрт артып кетіпті. 2011 жылға дейін алкогольді ішімдіктерді тұтыну жылына 3 пайызға кеміп отырса, 2011 жылдан бастап керісінше көбейген. Биылғы жылдың қараша айындағы Салауатты өмір салтын құру ұлттық орталығының мәліметі бойынша адам басына шаққанда жылына 10-12 литр спирт ішеді екенбіз. Ал БҰҰның мәліметі бойынша тұтыну 8 литр спирттен асса халықтың жойылуға бет бұратындығын ескерткен.
Осы жоғарыдағы статистиканың, яғни алкогольді тұтынудың күрт артуын мамандар Кедендік одақтағы акциздің ең төменгі бағасын Қазақстан қойғандығымен түсіндіреді немесе Ресейдің мүддесіне құрылған алкогольді саясаттың жемісі дейді. Қалай болғанда да Ресейден бізге қарай алкогольді тауарлардың тасқынына тосқауыл қоюдың орнына, керісінше жолын ашып беріпті. Мұның сырын да айта кетейін, Ресей соңғы уақыттары алкогольге қарсы қызу науқан жүргізуіне байланысты, алкогольді бизнес біраз болса да саябырсып қалған екен. Ал Ресейдің республикалық бюджетінің біраз бөлігін алкогольді бизнес құрап отырғанын ескерсек, алкогольді бизнесінің құлдырауына мүдделі емес. Сондықтан алкогольді бизнесін Қазақстанның есебінен дамытуды қолға алыпты. Бір жағынан бизнесін дамытса, бюджетін толтырса, екінші жағынан Қазақстанның өзіне тәуелділігін одан сайын күшейте түседі. Осылайша Ресей «бір оқпен екі қоянды атып» отыр.
Ресей алкогольді бизнес алпауыттарының Қазақстанға ықпалынан болар қазір ауыр алкогольді ішімдіктердің орнына сыра, шампан сияқты жеңіл алкогольді ішімдіктерді кеңінен насихаттап жатыр. Алкогольсіз сыраның жарнамасы сияқты. Нәтижесінде халқымыз ауыр алкоголді ішімдікпен қатар, жеңілін тұтынуды көбейткен екен. Бұған ресми органдар халықтың ауыр алкогольден гөрі жеңіл түріне өтіп жатқанын айтып көңілді орнына түсіргісі келетіндей. Ал бұл жағдайға керісінше шын мәнінде жылау керек. Бұл түбі халықты геноцидке апаратын қауіпті жол. Себебі адамды алкогольге тәуелді ететін, алкоголизмді жедел дамытушы жеңіл алкогольді ішімдіктер екенін әлем медицинасы дәлелдеген. Оған қоса соңғы екі жылда елімізде алкоголь тұтынудан әйелдер еркектерді басып озғандығы жөнінде ақпарат кеңінен тарады. Жеңіл алкогольді көбінесе тұтынушы әйелдер екенін ескерсек, осы арқылы жеңіл алкогольдің әйелдерді тез алкоголизмге ұшыратып жатқанын байқауға болады.

