Вт03262013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМЫЗДЫҢ БАТЫРЛАРЫ

Ең талапшыл көрермендер – балалар, және ең шыншыл актерлер, тағы да балалар деп тегін айтылмайды. Белгілі театр режиссері Есмұхан Обаевтың: «Қазақ – табиғатында актер халық», – дегені бар. Ескілі-жаңалы фильмдерді ойдан өткізіп отырып, осы пікірге бас иземеске шараңыз қалмайды. Егер қазақ туабітті актер халық болмаса, «Көксерек», «Менің атым Қожа», «Алпамыс мектепке барады», «Адамдар арасындағы бөлтірік»... қайдан шықты? Камераның алдында жасындай жарқылдап, роль ойнамаған, өмір сүрген осы қарадомалақтарға қараған сайын жүрегіңнің бір пұшпағында қалғып кеткен мейірім, сүйіспеншілік, жылылық дүр-дүр оянады. Экранның бергі жағындағы көрерменнің тамырын дөп басып, кіп-кішкентай балалар бізбен «ойнайды». Орыстарда бүгінгі Пуговка секілді қылықты балалар оқта-текте шығуы мүмкін. Голливудта кешегі «Үйде жалғыз» Макалей Калкин сондай жылы сезімдер тудыратын. Қазақта кино көп, бірақ әсіресе балалар бейнесінің галереясы айшықты. Сонымен, біздің балалық шағымыздың батырлары қазір қайда жүр?

Ерболаттың "Оттай жанған стайлы" немесе сиырша оттау.

Жақында ғаламторда шыққан Ерболаттың қазаққа тән түйсікке кереғар болғанын қойшы, жалпы өзгені қайталап, өзгеге еліктегіш қасиеттен туған "Оттай жанған стайл" клипіне редакция атынан өз пікірімізді білдіргіміз келген. Бірақ, Ерболаттың сол түкке тұрмайтын клипине сөз айтып, "уақыт сарп етеміз бе" - дедік те, бұл оның жәй "оттағаны" шығар деп, ойымызды бар-жоғы осы екі сөйлеммен білдіруді жөн көрдік.


Айқап-ақпарат

Қашаған жобасының басшылығында өзгеріс.

"Американдық мұнай алпауыты ConocoPhillips Қашаған мұнай игеру жобасындағы өз үлесін сату жөнінде Қазақстан үкіметін ресми түрде хабардар етті" - деп хабарлайды “Айқап.kz” ConocoPhillips компаниясының ресми жаңалығына сүйене отырып.

Отандық өнертапқыштар өндірісті өрге сүйрей ала ма?

Өнертапқыштық қасиет кез келген ұлттың маңдайына жазылған нәрсе. Кез келген ұлт талантты. Тек таланттың көзін аша білу керек. Мұндай дарынды азаматтарға мемлекет қолдау көрсетсе, жұмысқа жастың қабілеті оянады. Бойдағы дарындылық қабілетке, қамқорлыққа қатысты екені сөзсіз.

Еркін РАҚЫШЕВ, кинорежиссер: Рухани азғындау - бізге төніп тұрған қатер.

Соңғы жылдары халыққа кеңінен таныла бастаған талантты режиссер Еркін Рақышевке қоңырау шалып, бүгінгі қазақ киносының хал-жайымен таныспақ болып едім, «Мен Қаржы академиясына кетіп барам. Сол жерге келіңіз, менің «Ашаршылық» деген деректі фильмім көрсетіледі. Сонда әңгімелесерміз» деп ұсыныс білдірді. Тұсаукесері болмаған туындыны көруге асықтым. Кино қатты әсер етті. Студенттер көздеріне жас алып көрді. Шынын айтсам, біз ашаршылық жайлы көптеген шындықты біле бермейді екенбіз. Сұхбатты осы фильм жайлы бастағанды жөн көрдім.

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.