Вт03262013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

Серікқали Байменше.«Айқап» жайында.

«Ай­қап» журналы бұдан 100 жыл бұрын Троицк қаласында (Челябі облысы) жарық көр­ді. Кейбір жарияланымдарда жур­нал атауы «ай», «айна» деген сөздер­ден шыққан деп жорамалданып жүр. Мұның нақты жауабын осы журналдың редакторы - «бас­қарушы, бастырушы» Мұха­мед­жан Сералиннің: «Журналға «Ай­­қап» деп есім бердік. Бұл сөзге түсінген де болар, түсінбеген де табылар. «Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ici бар?!. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журна­лы­мыз да өкінішімізге лайық «Ай­қап» болды», - деген сөз­дерінен табуға болады. Демек, «Айқап» - ХХ ғасыр басындағы қалың қазақтың талай нәрседен қа­пы қалып, сан соғып, «Әй, қап!» деп өкінген өмірін өз аты­мен бейнелеген тұңғыш журналы.

Мұстафа Шоқай. Жастарға үндеу

Мұстафа Шоқайдың Түркістан жастарына Берлинде жасаған үндеуі

Бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан деп жас үкімет күшін алты жұмхұриятқа бөліп тұрған Түркістан бөлінбес айрылмас бір өлке.

Халқының қаны бір, тілі бір, діні бір, мақсаты бір. Түркістанның мақсаты: өзінің құтылуы, ұлттық үкіметін құрып тәуелсіз болып өз алдына бір үкімет болып тұруы. Халқы көптен бұл жұмысқа жанталасып жұмыс істеп, қан төгіп соғысып келеді. Үмітіміз зор, мемлекетіміздің келешегіне сенеміз.

Түркістан жастары әсіресе бұл мақсатымызға жеткізуге таласып тырмысып жатыр. Біздің мақсатымыз тек Түркістанның ғана емес, бүкіл түрік өлкелерінің, бүкіл түрік халықтарының дос болып, өзара бірлік бауырластықпен жасап сыртқы дұшпандарға қарсы өзінің күшін, үкіметінің күшін білдіріп қою. Ойымызға жетеміз, талабымызды орынына келтіреміз деген иманымыз зор және күшті.

Сая Қызылбаева. Ұлылықтың сыры (10 000 сағат тәртібі жайында)

Алтайдан Атырауға дейін жайылған қазақ даласы талай ғұламалар мен ойшылдардың туған жері екені бәрімізге аян. Ежелгі кезден бастап өмір сүрген дара туған ақиық ағаларымыздың өз істерінің шебері болуымен қатар, ұрпақтан ұрпаққа тараған танымалдылығының қандай да бір сыры бары енді анықталды.

Біздің ойымызда қалыптасқан «талант» түсінігі жағымды мүмкіндіктер мен берілген артықшылықтардың қиыстырыла қолданылуы деп айтуға болады.

Психолог Андерс Эриксон жиырма жыл бұрын Берлиндегі музыка Академиясында өзінің екі әріптестерімен осы тақырыпқа байланысты тәжірибе жүргізді. Қатысушылар скрипка бөлімінде оқитын студенттер болатын. Олар арнайы үш топқа бөлінді. Бірінші топқа - әлем жұртына танымал болатын болашақ жұлдыздар, екінші топқа – болшағынан үміт күттіртетін студенттер енді. Ал үшінші топқа – кәсіби музыкант дәрежесінен алыс, тек мұғалім болуға үміт артатын студенттер кірді. Барлық студенттерге тек бір сұрақ қойылды. Алғаш скрипканы қолға алғаннан бастап, осы күнге дейін қанша сағат ойнағандары туралы сұралды. Барлық студенттер бірдей жаста, яғни бес жастан бастап тарта бастаған. Бастапқы жылдары көбісі аптасына екі-үш сағаттан ойнаған. Шамамен сегіз жастан бастап алғашқы ерекшеліктер білінеді. Атап айтатын болсақ, үздік студенттер өз шеберліктерін уақыт пайдасына шешіп, шыңдай түскен. Тоғыз жаста аптасына алты сағат, ал он төрт жастан жиырмаға дейін  аптасына он алты сағаттан жаттыққан. Олар өз өнерлерін  мақсатты түрде өздерінің сүйікті еңбектеріне айналдыра отыра, аптасына отыз сағаттан астам уақыт шұғылданған. Жиырма жасқа келген кезде үздік студенттердің арқасында 10 000 сағаттан астам уақыт тәжірибелері болған.

Абай - Қазақтың тұңғыш экономист-ойшылы.

Осы біздің қоғамда қалыптасып қалған жаттанды ұран бар: «Мақсатымыз айқын! Алға жолдастар» - деген. Ұғымның мағынасы не деп үңілсеңіз, астарында Советтік жүйеден қалған баяғы коллективизмнің иісі аңқыған идеологиясы жатыр. ХІХ ғасырда Карл Маркс әлемді қақ жарып, тарих екі ілімнің ыңғайына қарай бөлінгенде, біздің Қазақ жұрты тағдырдың жазуымен социалисттік бағытпен дамитын қоғамның кебін киді. 1991 жылдан бері капиталисттік ел болып, нарықтық экономикаға бет бұрғанмен, баяғы жартас сол жартас. Замана әлі күнге дейін бізді сол ескі иделогияның бесігінде тербетіп келеді.
Қазір ғаламторда "Қазақ - неге Жапония сияқты мемлекет бола алмайды" деген сұрақтар өзекті болып кетті. Ол сұрақтың төркіні, әрине, "Жапониядан үлгі алыңдар" деген Алашорданың аманатында жатыр. Содан шығар, жапон ғалымдары Бөкейхановқа келгенде, әйтеуір, іш тартып тұрады. Десек те, Бөкейханов бастаған Алашорда қайраткерлері Жапон идеясының астарында "Капитализм" жатқанын анық түсінді. Мүмкін Маргарет Тетчердің әйгілі "TINA" (there is no alternative – либералды экономикаға балама жоқ) деген ұғымын Бөкейханов та бізге айтып кеткен шығар. Алайда Советтік заман халқымыздың тамырына балта шауып, қыспаққа алғанда ата-жұрттың экономикасын ұмытып кеттік. Расымен, неге шаруашыл Қазақтың тамыры терең тарихында экономика ұғымы ешқашан айтылған жоқ? Бізді осы күнге дейін "өлеңшіл" яки дәстүршіл" етіп келген идеология халқымыздың іскерлік жағын жасыруға тырысты. Шынтуайтында қазақ халқы әсіре технократ болмаса да, 6 млн. халыққа елімізде 50 млн. қойдың болғаны экономика емей, немене?

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.