Вт03262013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

"Где-где? В Караганде" немесе мәңгүрттіктің бір белгісі.

"Где-где? В Караганде" - деген сөз тіркесіне қойылған ескерткіш бұл - мәңгүрттік пен халық ақшасына салақтықпен қараудың бір белгісі. Біріншіден, "Караганда" деген сөз жоқ. Қарағанды деген сөз бар. Екіншіден, қазақ үшін жанын берген кейбір тұлғаларға ескерткіш түгіл, тіпті көше атауларын бермеген. Үшіншіден, бұл сөз тіркесін ойлап тапқан адамның Қарағанды қаласына деген сезімі жағымсыз болған. "Қайда-қайда? Сонау ит өлген жерде!" - деген мағынаға келеді. Біздің осындай өз қаламызды төмендетіп тұрған қайдағы жоқ бір сөзге ескерткіш қою бұл - мәңгүрттік. Әлемге таралып, сіңіп кеткен "Қара құрлық" - деген Африканың екінші атауы бар. Әрине африкандықтарға бұл жағымсыз естіледі. Себебі "қара құрлық" - деп Африканың жері қара болғандықтан емес, сол жерді мекен еткен халықтың терісі қара болғандықтан қойылған атау. Ол империалисттік лас мінезден арыла алмағандардың ойлап тауып жүрген сөздері. Сол африкандықтардың өздері "Қара құрлық" - деген атауға ескерткіш тұрғызып жатса, қандай ақымақтық болар еді? Ақымақтық бола ма? Ақымақтық болады. Ендеше біз неге осы ақымақтыққа рұқсат беріп қойдық?


Ержан Алаш
Айқап.kz

Мұхтар ШАХАНОВ: Мен үшін қорқыныштысы - мағынасыз ғұмыр кешу

- Аға, жетпіс жасыңыз құтты болсын!

- Аллаға шүкір, біз де көзді ашып-жұмғанша біршама жасқа келіп қалып­пыз. Құдайдың мұнысына тәубе етемін. Өйткені қазақтың қаншама маңдайалды перзенттері біздің жасымыздың жары­мына жете алмады. Мәселен, талантты жазушы Саттар Ерубаев 23 жасында қаза болды. Ақ маңдай ақын Төлеген Айбергенов 30-ақ жыл ғұмыр кешті. Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев қы­рықтың ішінде көз жұмды. Сондықтан мұны Жаратқанның берген бір ризығы деп білемін. Бірақ жастың ұлғайғаны мен көлеміне қарап, адамның еңбегін өлшеуге болмайды. Өйткені жүзге келсе де инедей шаруа тындырмаған адамдар бар. Тек қарын мүддесімен ғана жүрген­дер жеткілікті.

 

Қарғалардың өзі жүзге беймарал же­тетін көрінеді. Тырбанып жүрген тасбақа да 300 жыл өмір сүреді екен. Алайда олардың тіршілігінің мәні бар ма? Құр күйбеңмен, күнделікті жеген тамағының деңгейінен ас­пайды. Мен үшін ең қорқыныштысы - мәнсіз, мағынасыз ғұмыр кешу. Осы жағынан қарағанда, Құдайға шүкір, бүкіл өміріміз күреспен өтіп келе жатыр.

Сәкеннiң туған елмен қоштасқан соңғы өлеңi.

Биылғы қараша айының 20-да Алматыда "Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннiң өмiрбаян де¬рек¬терiн нақ¬тылау, жерленген орындарын анықтау, сүйектерiн елге жеткiзу – ұрпақ парызы" деген тақырыпта ғылыми конференция өттi. Конференцияға қатысуға мен де арнайы шақырылған едiм. Амал не, денсаулығыма байланысты Алматыға бара алмадым. Үйде отырсам да "Жас Алашта" молынан жарияланған конференция материалдарын түгел оқып, зерделеп шықтым. Ендi өзiмнiң кейбiр ойларымды ортаға салуды ұйғардым.
Менiң анам Бибiайша Аймағамбетова – Сәкен Сейфуллиннiң жақын апайы. Ұмытпасам, 1959 жылдың күзi. Бiздiң үйге Жаңаарқадан менiң үлкен нағашыларымның бiрi Әбдiғаппардың жұбайы, нағашы жеңгем Әдiкен қонаққа келдi. Ол өте келбеттi, Арқаның жұрт таңғалатын нағыз мөлдiр көздерiнiң бiрi едi. Тап бiр тойға баратындай үнемi таза киiнiп, таза жүретiн. Отырыс-тұрысынан көргендi¬лiктiң, тектiлiк¬тiң лебi есiп тұратын. Сонымен бiрге нағашы жеңгемiз балажан да екен. Менiң кiшкене ұлдарым Ғалым мен Ақанды өз баласындай еркелеттi.
Апам екеуiнiң әңгiмесi әсте толастамайтын. Бiр жолы апам өзi¬нiң балалық және жастық шағы өт¬кен Жақсы Иманақ тауы туралы айта бас¬тады. Ол тауды 1953 жылы нағашыларыма барғанда мен де көргенмiн.

Шыңғыс ханның алты ауыз сөзі

1. Егер ұлдар әкесінің жолын қумаса, інілері ағасының сөзін тыңдамаса, күйеуінің әйеліне сенімі болмаса, әйелі күйеуін жүре тыңдаса, енелері келіндерін ұнатпаса, келіндер енелерін құрмет тұтпаса, ұлы адамдар қорғансызға пана болмаса, пақырлар даналар сөзін құптамаса, басшылар қызметкерлерінің жүрегіне жол таппаса, айналасындағы адамдарды соңынан ерте алмаса, игілікті басқа жандардан мол игеріп, байыған адамдар басқалардың да баюына көмектесіп, қолұшын бермесе, басқа халықтың әдет-ғұрпы мен заңына, ақыл-парасаты мен адамгершілігіне менмендікпен қараса, мемлекет тәртібін мойындамаса ондай елде ұрылар мен суайттар, қылмыскерлер мен басқа да бұзық жолға түскендер өз Отанының басына қара түнек орнатады. Басқаша айтқанда, ол елдің байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді, жылқылары мен табындарының тыныштығы бұзылады, жорыққа мінген аттары зорығып өледі, сөйтіп бүкіл халық түкке тұрмайтын дәрменсіз бейшараға айналады.

Ержан Алаш. Желтоқсан желі... Солдырды гүлді…

"Тоңдырды мені тоңдырды сені, Желтоқсан желі...Солдырды гүлді.." - деген өлең қазір мектептерде айтыла ма білмеймін, бірақ менің мектепте 90-шы жылдардың аяғында бір сынып шарасында осы өлеңді хормен айтқанымыз есімде. Қазір бұл өлең айтылады деп ойламаймын...Желтоқсанға өз бағасын бере алмай келеміз. Желтоқсан шынтуайтында зұлым қанішер қызыл шайтандардың құрған Советтік Республикасын тарихтан біржолата тайдырған оқиға еді. Еліміздің ең төрі Мәжілісте Желтоқсанға қатысы бар қызыл жалмауыздардың 7 өкілі отырғанда, Желтоқсанға қандай әділ баға берілсін? Қазақ жастары 70 жыл билік құрған жүйеге ең бірінші болып тас лақтырған жастар еді.

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.