2013 жыл: еңбек нарығын не күтіп тұр?
Еңбек нарығындағы биылғы жағдай қандай, 2013 жылы бұл нарықты не күтеді, жұмыс берушілер кадрларға кандай талап қоя бастады, қандай мамандар сұранысқа ие болмақ? Түрлі компанияларға кәсіби білікті маман таңдаумен айналысатын халықаралық «Форсаж» рекрутингтік компаниясы осы сұрақтарға жауап іздеп, келер жылға арналған өз болжамдарымен бөлісті.
Өмірлік қағида: Чарли Чаплин.

Сэр Чарльз Спенсер «Чарли» Чаплин
25 желтоқсан 1977 Швейцарияда дүниеден озды.
Әйгілі ағылшын киноактері, сценарист, композитор және режиссер, киноматографияның әмбебап шебері.
(Жазып алған Сая Қызылбаева)
Мен өзімді сүйе бастағанда, басқа өмірге талпыну әрекетін қойдым. Осы өмірде мені қоршаған дүниенің барлығы «Адам» ретінде өсуіме итермелейтінін түсіндім. Қазір мен мұны «Кемелдену» деп білемін.
Мен өзімді сүйе бастағанда, кез-келген жағдайда дұрыс сәт пен дәл уақытта керек жерде тұрғанымды білемін. Сондықтан да менің жан дүнием тыныштық күйінде. Мен қазір мұны «Өзіме толық сенушілік» деп айта аламын.
Үйлесімге барар жол
Адамзат қоғамында жақсы мен жаман, махаббат пен зұлымдық, пайда мен зиян мәңгілік тақырыптар саналады. Ой-санамыз осынау түсініктер төркінін негізінен фәлсафа мен ахлақ, этика мен көркем әдебиет төңірегінен іздеуге машықтанған. Алайда зымыран заманымыз ақиқат іргесін кеңейтіп, экономикалық саясат ауылын да әңгіме маңайына қоңсы қондырып отыр…
Әлемдік экономикада ислам қаржысы мен институттарының өсіп-өркендеуін сипаттайтын мағлұматтар бүгінде жалпақ жұртқа мәшһүр. Аталған тақырыпты тамызық қылып, қаузап жүрген ағайынның бұл төңірекке қайырылмай кететіні некен-саяқ. Сөйтсе де, кез келген күрделі қоғамдық құбылыс сияқты ислам қаржысының қалыптасып қалған өрнек-тәжірибесі де мұқият елеп-екшеуді, ой сүзгісінен өткізіп, түйткілдер түйінін шешуді, болашақ даму бағдарларын бағамдауды қажет етеді. Міне, сондықтан да алдымен бүгінде айтылып жүрген пікір-пайымдарға, тұжырым-түсініктерге тоқтала кетейік…
Пікірлер алуандығы
Сәбит ДОСАНОВ: Жастар қандай болса, Тәуелсіздігіміздің болашағы сондай болады
(Сәбит Айтмұханұлы Досанов (12.1.1940 жылы туылған, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Байғабыл ауылы) – жазушы, драматург, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999).
– Сәбит аға, жазушылыққа келуіңізді Алаш арыстарымен байланыстыра: «Солар жете алмаған биікті, армандаған асуды алу үшін жазушы болуды мақсат тұттым», – деген екенсіз. Мақсат орындалды ма?
Әлем мойындаған Мұстафа Өзтүрік.
"Біз қазақ - суды кері жүргізгендердің ұрпағымыз" - деген ғой Әлихан Бөкейханов. Сондай дарынды бабадан қалған марқасқа тұяқтың бірі Мұстафа Өзтүрік биыл қарашада, арамызда болса, 58-ге толар еді... Арамыздан Мұстафаны алып кеткен сұм ажал ма, әлде сұм қоғам һәм заман ба? Әйтеуір не айтса да Мұстафа уланып өлген деген ұғым халықтың санасында мықтап бекіген...
Мұстафа Өзтүрік Қазақтан шыққан әлемдік деңгейдегі спортсмен еді. Талант болса - әралуан келеді демекші, Мұстафа әлемнің 6 дүркін чемпионы ғана болып қоймай, қоғамдық істерден шет қалмай, қоғам қайраткері де болған. 90 жылдары жалған ұлтжандылар ел тағдырын сан-саққа жорып жатқанда, Мұстафа қоғамнан шет қалмай, өзінің елін ойлайтын интеллигенттік қырын да көрсеткен. Қазақ спортына Мұстафадай үлес қосқан адам саусақпен санарлық. Қазақ елін таэквондо әлемінде асқақтатқан Мұстафа күллі Ислам тарихында алғаш рет 6-шы данға ие болған мұсылман еді. Ол жалғыз Қазақ еліне емес, сонымен қатар Түркие және Алман елінің спортының дамуына үлкен үлес қосып, көзі тірісінде таэквондоның әлем мойындаған ұстазы атанған.
Мұстафа - замандас халқы үшін тірі жүрген аңыз еді. Елге келген бір сәтінде журналисттер Мұстафадан: "Брюс Лиді көрдің бе" - деп сұрақ қояды. Мұстафа үн-түнсіз біраз отырады. Ол кезде Брюс Ли бұл дүниеде жоқ еді...

