Вт03262013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

Рахат Ғизатолла. "Қасірет ғасырының суреткері"

Төлен Әбдіковтың шығармашылық әлеміне қадамымды «Парасат майданынан» бастадым. Ізгілік пен зұлымдықтың майдан алаңындағы бітіспес айқасы санамды тентіретіп тастаған болатын. Бұл шығарма ауыр тигенімен, оның басқа да туындыларын іздеп жүріп оқитын болдым: «Тозақ оттары жымыңдайды», «Әке», «Қайырсыз жұма», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», т.б. осылай кете берді. Өйткені әр туындысында ащы-ащы шындықтар айтылып, «түптің түбінде адамзатты көрге тығатын зұлымдықпен» бетпе-бет келіп жатады.

Алашорда

95 жыл бұрын Желтоқсанның 12-нен 13-не қараған түні қазақтың біртуар ұлдары, Алашорда партиясының азаматтары "Алашорда" партиясын дүниеге әкелді. Қазақ жерінде бұрын да шекара, мемлекет болған, десек те жаңа заман талабына сай, заңды мемлекет құрған осы "Алашорда" партиясы. Қазақ мемлекетінің әкелері осы адамдар! Есте сақтап жүріңдер. Қазақ тарихында осыларға жететін тұлғалар болмаған, мүмкін болашақта болар, бірақ дәл осы күнге дейін Қазақтан осы азаматтарға жететін адамдар туылмаған. Бұл факт. Факт болғаны сондай, тәулікте 24 сағат, бір сағатта 60 минут бар дегендей факт! Мұны есте сақта! Бұлар саған ерікті мемлекет сыйлады, қазақ елінің шекарасын әлемге паш етті, саған тәуелсіз мемлекет сыйлады! Тіпті қазақты қазак етіп, бар қазақты мемлекет қылып сақтап қалған да осылар!

Кедейлік психологиясынан арылмай, қазақ қалай байысын?!

Арамтамақ! Қиянатшыл! Қалтасы бар, түбі жоқ! Қанаушы! Сұмдық-ай, қазақ неге бай десе бірден осылай тітіркенеді де қалады? Әйтеуір әл-ауқаттыларымыз жайлы жақсы сөзге сараңбыз, есесіне еңселі үйі мен оған кіріп-шыққан көліктерін көрген сайын көзімізге бәле көрінгендей, «осылар не жеп байиды екен?!.» деп жыбыр ете қалатындарымыз аз емес. Сонда деймін-ау, кедейдің кедей болғанына бай жазықты ма? Яғни, байығанның бәрі жемқор ма? Санамызға бай жайлы, байлық жайлы осынша өшпенділік отын кім жақты екен?

Қашағанда үлес сатылады

 Америкалық ConocoPhillips мұнай компаниясы Қазақстандағы ең ірі мұнай кеніші болып есептелетін Қашағандағы үлесін сатуды көздеп отырған көрінеді. Бірақ ол туралы біздің билік басындағыларға ұсыныс жасамағаны жайында бұдан бұрын хабардар еткенбіз. Аталған компанияның Қашағандағы үлесі 8,4 пайызды құрайды. Солтүстік Каспий жобасынан не себепті шыққысы келіп отырғанын америкалық компания ашып айтқысы жоқ. Ақпарат неғұрлым тұйық болған сайын, оның сырын білгісі келетіндер де көп болатыны белгілі. Сарапшылардың айтуынша, ConocoPhillips үлесін сатса, одан түсетін қаржы 5 млрд долларды құрайды екен. 

Даму жолындағы дақпырт пен дарақылық

Дулат Исабековтың үздік әңгімелерінің бірінде жүн түтіп, ұршық иіріп отырған кемпір феодолизмнен социолизмге қалай өтіп кеткендігін білмей қалады.  Біздің бастағы кеп те соған ұқсас: социализмнің қойын бағып жүріп капитализмнің қара базарынан қалай табылғанымызды білмей қалыппыз.

 

Есімізде шығар, Тәуелсіздігіміздің алғашқы 7-8 жылы «өтпелі кезең» аталды. «Өтпелі кезең», яғни уақытша қиындықтар артта қалады, әне-міне таршылық заманды «зар илетіп», дамудың даңғыл жолына түсеміз деп жүрдік. Сол кездің есебінен алғанда сондай тәтті қиялға беріліп өмір сүрудің өзіндік себептері де болғанға ұқсайды: жаңа қоғамдық қатынасқа көшеміз; осы уақытқа дейінгіміздің бәрі бекер екен, дүниенің рахаты өзін-өзі реттеп, тәртіпке келтіріп отыратын нарықтық экономикада, сондықтан сәл-пәл шыдайық дестік. Шыдамасақ, төзбесек болмайды дестік және: Тәуелсіз мемлекетіміздің іргесі шайқалып кетуі мүмкін, тұтастығымызға сына қағылуы ықтимал. Ойбой-оу, әлемнің мойыны озық елдері баяғыда бейімделген нарықтан біз неге бас тартамыз?!

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.