Вс03242013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

ХАЛЫҚТЫҢ САНЫ БАСТЫ САЯСАТ ДЕСЕК ТЕ...

Мемлекеттің ең басты байлығы адам десек, Қазақстанның қаншалықты бай екендігіне біраз тоқтала кетсем.

Құдай қаласа табиғи өсіміміз кемімесе 2013 жылдың ортасына қарай 17 млн.ға жетеді екенбіз. 1991 жылғы санымызды дөңгелетіп айтқанда 17 (16.9) млн. екенін ескерсек, сол деңгейге 22 жылдан кейін жетейін деп тұрмыз. Ал шын мәнінде табиғи өсімге, сырттан келген 1 млн. қандастарымызды қосқанда санымыз бұдан да көп болуы керек емес пе еді деген сұрақ туындайды.

Қазақ оқырманын қалай қарық қыламыз?

Бүгінгі қазақ сайтының халі нешік? Қазақ сайттарын қалай дамытуға, жетілдіруге болады? Қазақтілді сайттардағы «пираттық» өнімдерден қалай және қашан құтыламыз? Қазақ сайттарының саны мен сапасындағы айырмашылық қандай? Міне, осылай тізбектеліп кете беретін сауалдарға кеше елордадағы «Қазмедиа» орталығында өткен тұңғыш қазақ сайттары редакторларының конференциясында жауап іздедік. Бұл басқосу ХХ ғасыр басында «қазақтың көзі, құлағы һәм тілі» болған «Қазақ» газетінің шыққанына 100 жыл толуына орайластырылыпты.

Ғалымжан Жақиянов: Саясатқа қайтып оралуым мүмкiн

Павлодар облысының бұрынғы әкiмi, кезiнде елдi дүркiреткен Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының негiзiн қалаушылардың бiрi Ғалымжан ЖАҚИЯНОВТЫҢ саясат сахнасынан көрiнбей кеткенiне бiрнеше жылдың жүзi болды. Былтырғы жылы “Ғалымжан Жақиянов кенже ұлы Ележанмен бiрге Массачусетс технологиялық институтында (MIT) оқиды екен” деген ақпараттың жылт еткенi болмаса, оның қайда және немен айналысып жүргенiнен жұрт бейхабар едi. Жақында Forbes.kz порталының редакторы Вадим Борейко Ғ.Жақияновпен Skype арқылы сұхбаттасыпты. Онда саясаткер отбасының қазiргi тұрмыс‑тiрiшiлiгiн баяндап, ұлдарымен бiрге АҚШ‑та бiлiм алып жат­қанына тоқталған. Сондай‑ақ, саясаткер елдегi оқиғаларға өз көзқарасын бiлдiрген.

Әлімхандай ер қайда?!

...Сөйлеп кетсе қозғалар бойда жаның,

Тас болса да ерітер жүрек қанын.

Шындығы, тереңдігі, әділдігі,

Тусаң ту осылай дегізер жанның бәрін...

(С.Торайғыров, "Таныстыру" өлеңінде Ә.Ермеков жайында, 1918)

 

Туған жері

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков 1891 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келген. Қарқаралыдағы 3-жылдық училищені үздік бітіргеннен кейін 1905 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына оқуға түседі. 1912 жылы аталмыш оқу орнын алтын медальмен аяқтаған Әлімхан Томск технология институты тау-кен факультетіне конкурссыз қабылданады.

 

Томскідегі жылдар

Әлімхан Ермековтың күрес пен ізденіске толы өнегелі өмір жолы осы Томск қаласында бастау алды. Мұнда ол Шоқан Уәлихановтың досы болған Григорий Потанинмен танысып, жақсы қарым-қатынаста болады. 1913 жылы Г.Потанин ауыз әдебиеті үлгілерін жинау үшін Қарқаралы уезіне Әлімхан Ермековпен бірге аттанады. Экспедиция жұмысының қорытындылары - тұрмыстық сипаттағы өлең­дер, 27 ертегі, түрлі тарихи жыр үлгілері, суреттер мен өрнектер - Томск қаласының мұражай­ларында күні бүгінге дейін сақтаулы. Потанин Әлімханның білімге құштарлығы мен қабілетін ерекше бағалап, «Әлімхан, сенің білімің – ол қазақтың білімі. Сол себепті жақсы оқы және өзгелерді оқыт» деп үміт артыпты. Сонымен қатар, Потанин Әлімханның Г.Вяткин, жазушы В.Шишков, зоолог М.Рузский, профессор Б.Вайнберг, геолог М.Усовтармен араласуына да себепкер болған. Әлімхан Ермеков Томскіде оқып жүрген ке­зінде қаладағы жоғары оқу орындарында оқитын Әзір­бай­жан, Осетия, Татарстан, Башқұрт, Балқар, Сібір т.б. жерлерден келген мұ­­сылман студенттерінің қоғамын құрып, ағар­тушылық, жәрдем беру істерімен айналысқан. Әлекеңнің танымал саяси қайраткерлер Карпов, Ғайсин, Хакимовтармен пікірлес, сырлас болуы осы қоғамның жұ­мысы бары­сында қалыптасқан. Алайда 1917 жылы Томскідегі оқуын тастап, Орынборда өтіп жатқан І жалпықазақ съезіне қатысады. Осы уақыттан бастап Әлімхан ағамыздың қоғамдық-саяси өмірі басталады.

Қытайдан келген хатқа - Қытайдан келген жауапхат

Жақында редакциямызға келіп түскен Қытайдан келген хат қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қытайда оқып жатқан студенттеріміздің ортасында орын алып жатқан мәдени және рухани үрдістеріне қатысы бар мемлекеттік ұйымдар мен зиялы қауымның қандай ойда екенін білмейміз, бірақ еліне бейжай қарамайтын оқырмандардың көпшілігінің ойы бір жерден шығып жатыр десек болады. Соған қатысты Айқап.kz ақпараттар порталының өз көзқарасын білдірмей тұрып, алдымен осы хатқа жауап ретінде жазылып Қытайдан келіп түскен хатты назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Айқап.kz

 

Сәлеметсіз бе Айқап ақпараттар порталы! Айқапта жарияланған “Қытайдағы оқушы қазақ қызының хаты” - деген мақаланы оқып, пікірімді білдірмей тыныш отыра алмадым. Сайтта сіздің почтаңыз көрсетіліпті. Есімін көрсетпеген қызымыз мақалада бір жақты ғана алып көрсеткен, соған менін көнілім толмады, Қытайда оқитын студенттердің көпшілігіне бірдей күйе жаққандай сезілді. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді деген осы ғой, көмек сұраған, кез-келген ата-ана баласын жаман болсын демейді ғой, білім алсын деді, мұнда бәрі адамның санасына байланысты. Бірі қызық қуып келсе, енді бірі білім іздеп, болашағын жоспарлап келеді. Мен 3 жыл мемлекттік қызметте қызмет атқардым, алға қойған мақсатыммен осында оқуға тапсырдым, Алла буйыртып осында оқуға түстім, өз еркіммен жұмыстан шығып, арман қуып, үлкен мақсатпен білім алуға осында келдім, қазір Қытайдың солтүстігінде оқимын. Мында мен өзім жайлы айтып мақтанып емес, осында оқитын менің Қазақстандық жерлестерім жайлы да айтпақшымын. Мен оқитын қалада 9 Қазақстандық азамат оқимыз. Ер жігіттеріміздің жүрегінде иманы, аузында Алласы бар, бес уақыт намазын оқып, жұма сайын мешітке барады. Қыздарымызда өте тәрбиелі, аға алдын кесіп өтпейтін жандар десем өтірік айтқаным емес. Жасымыз үлкен кіші болсақта сіз деп сөйлейміз, бұл сыйластықтың белгісі деп білем. Әр мереке сайын қазақтар жиналып, жеті шелпегімізді салып, қуырдағымызды қуырып, қазақ елі болып тойлаймыз. Бір-бірімізге көмекетсіп, ауыра қалсақ жүгіре жөнелеміз. Жаналықтарды оқып, басымыз жинала қалса айтып, талқылап, пікірімізді білдіреміз. Мұндағы жастар 20, 22, 25, 28, 30 жастағылар. Ақыл тоқтатып, ініге, қарындасқа, сіңіліге ақыл айтатындай жаста. Мен оқитын қаладағы жастар өте татумыз, қазақтар туралы жаман айтылған сөздерді естімедік, керісінше бір-бірімізді қолдап көтермелеп жүреміз. Басқа мемлекеттің студенттері бізге қызыға қарайды, қандай татусындар деп. Хат жазған қыздың мақаласынан кейін(егер мен Қытайда оқымасам мақаланы бір оқығанан кейін Қытайдағы қазақ студенттердің бәрі солайма екен деген ойға келетін едім, әр адам әрқалай көзқараспен қарайды ғой дегенмен), қандай керемет періштелер  деп күлетін шығарсыз, шыныменде арақ, темекі дегеннен аулақпыз. Өзіміз айтып жүреміз, Қазақстандық азаматтар осындай деген атақ алмай, жақсы жағымыздан көрінейік деп. Шетелдік студенттер Қазақстан туралы сұрап жатады . Өздерін қызықтырған сөздерді сұрап. Мен қазір орыс қызбен тұрамын. Бұрын орысша мен қазақшаны араластырып сөйлей беруші едім, мында келіп орыс тілін араластырмай өз тілімде таза сөйлеуге үйрендім. Бәлкім бұл күлкілі шығар, бірақ Алматы жастарының көбі осы кеселмен жүр ғой. Себебі мында біз осында тілімізбен және мәдениетімізбен ерекшеленеміз. Орыстар ойламаса екен деймін, ой біздің тіл барлық жақта керемет, қазақтардың өзі араластырып сөйлейді деп. Үлкен талап қойғанбыз, орыс тілінің бір сөзін қоспай сөйлеңдер деп. Бөлмеме қазақтар келгенде және қай жерде болмасын орыс тілінің бір сөзін қоспай сөйлейміз, жанымдағы қыз танырқап қарайды. Қандай жақсы тіл, тез сөйлейсіңдер деп. Бір күні бауырсақ пісіргем, сөйтсем жанымдағы орыс қыз қоймайды, "маленькая лепешка" деп, ол қызды бұл қазақтың ұлттық тағамы "Бауырсақ" деп айт деп үйреттім. Мында жан-жақтан жиналған студенттер болған соң, бір-бірімізге еліміз жайлы мақтана айтамыз. Еліміз жайлы жаман пікірде қалмаса екен дейсің. Себебі отыз тістен шыққан сөз отыз руылы елге тарайтыны анық қой. Менің мындағы айтпағым, бекер шөптің басы қимылдамайды ғой, бар шығар, солай шығар, бірақ бәрі емес, мында мен, мақалада арасында бізде кетіп қалдық, ақталайын деген мақстатта емес, қазақтар туралы қатты айтылған сөзге намысым келіп кетті, біздің жастарымыз осындай деңгейге жеттіме деп. Бұл мақаланы маған, осында оқитын қазақ студент қыз жіберіпті, оқып көрші, менің намысым келіп отыр деп. Менің де намысыма тиді. Қазақ айтады ғой "Бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер"деп. Құдай әркімге сана берсін дейміз. Әр адам айтылған және айтқан сөзіне жауап беруге тиіс қой, бәлкім ол қыздың айтары осы шығар.  Сізге қосымша суреттер жібердім. Оқып шыққанынызға рахмет!

Гүлнұр

 

 

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.