Вт03262013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

Қытайдағы оқушы қазақ қызының хаты

Мен қарапайым отбасынан шығып, Қытай Халық Республикасында окып жатқан Қазақстан Республикасының азаматшасымын. Оқудың төлемақысын өзім төлеймін, ата-анамың қалауымен "Аспанасты "елін таңдадым. Осы күнге дейін бұл елде оқитын студенттер жайында ешқандай хабарым болмаған. Әңгіме менің неге қытай тілін таңдадым және оқуға қатысты тақырыпта емес, сондықтан хат мазмұнында тілге тиек етейін деп отырғаным жүрекке инедей қадалып жүрген бұл елдегі өз Отандас құраластарымның, яғни біздің қазақ студенттерінің өмірі мен жағдайы. Десек те бұл менің айналамда болып жатқан осы үрдістер тұрмыстық деңгейде болса да, осы жағдайымыз ұлт тағдырына үлкен қауіп төндіріп тұр. “Айқап.kz ақпараттар порталының басы-қасында жүрген ұлтжанды азаматтардың бұл хатқа жете назар аударатынына көзім жеткен соң, бұл хатты ұлт үшін шыр-пыр болған қазақ қызының мұңды жүрегінен шыққан дауысы деп санасаңыздар болады.

Бұрынғы Бөкей Ордасы, қазіргі Құрманғазы ауданына сырткөз пікір.

Суретте Ішкі Орданың 19 ғасырдағы билеушілері. Кейін аты Бөкей Ордасы болып өзгертілген бұл елді мекеннің аумағы Еділ мен Жайық арасында болған. Турасында қазіргі Қазақстанның шекарасы Еділге дейін болу керек, бірақ бүгінгі шекара Еділдің бір сағасы Қиғаштың бойымен өтеді. Менің әкем сол Қиғаштың қазағы. Әжемнің үйі өзен жағасында, өзеннің арғы жағы Ресей. Астраханға барғанымда жолай жатқан молалардың бәрі қазақ бейіттері. Бұл деген не? Бұл деген сол жерде жатқандар өз жерлерінде жатыр, ал Ресей ол жерлерді өзіне өткізіп алды. Астраханда қазақтар өте көп. Әйгілі "Камызяк" әзілқойлар командысын құрушылар да сол жерде қалып қойған қазақтардың ұрпақтары. Бүгінде Астрахань қаласында қазақтардың саны орыс және татар халықтарынан кейін үшінші орында тұр. Саны 50 мыңға жуық. Мысалы үшін белгілі тіл жанашыры, экс-депутат Амангелді Айталы сол қаланың тумасы.

Қазақ елі үшін не істеу керек?

Мынау қазақ еліне жаным ашиды деген адам екі нәрсені амал етпек. Біріншісі, қазақ үшін қолынан не келсе соны істейді. Екіншісі, қолынан іс келмесе яки шамасы болмаса, лаж жоқ, қазақ елі үшін тәһәджуд қылады. Осы екі нәрсені істемей, қазақ елі үшін жаным ашиды дегендердің сөзі - бос сөз. Өздері білмейді, бірақ жалғандыққа пара-пар. Мысал үшін сіз, аспен ауқаттануға ниетім түзу деп, тамақтанбай қоймайсыз ғой. Жақсы киім кию - бұл жақсы деп ойлап, кейін далаға тыр-жалаңаш немесе жарасымсыз киімді киіп шықпайсыз ғой... Бұл да сол сиякты. Егер адам бұны түсінбесе, өзі ойлағандай қазаққа жаны ашымайды. Біздің және басқа да "елім" деп әр жерде айтылып жүрген жазуларымызды түсінбейді, бірақ түсіндім деп ойлайды да "like" қояды. Демек ол газеттерден оқып жүрген жалған патриотизм идеясының аясында тентіреп жүрген біреу.


Ержан Алаш
Айқап.kz

Дархан Мыңбай, Мәдениет және ақпарат министрі: Кітапқа көзқарас - мәдениеттілік өлшемі

Таяуда ел халқына ұсынған «Қа¬зақстан - 2050» стратегиясында Елбасымыз: «Интеллигенция қалып¬тасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпы¬ұлттық құндылықтар жасауда алдыңғы қатарлы күш болуы керек. Олар заман¬ға сай және болашаққа құлшынысты болуға тиіс» деп атап көрсетті. Сондай-ақ бағдарламалы құжатта «Қазақ хал¬қы және мемлекеттік тіл даму үстін¬дегі қазақстандық азаматтық тұтастық¬тың біріктіруші ұйытқысы болып келеді» деп анық айтылды.

Мәлік-Асқар Хантемірұлы. Әлихан Бөкейханның саяси көзқарастарының эволюциясы хақында

Биыл Алашорда ұлттық үкіметіне 95 жыл. Осы айтулы датаға байланысты Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтың қолдауымен «Алаш туы астында: Алашорда. Желтоқсан. Тәуелсіздік.» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Айтулы шараға алаштанушы ғалымдар қатысып, өзекті мәселе көтерілген болатын. Аталған конференцияда баяндама жасаған Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының Бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Мәлік-Асқар Хантемірұлының баяндамасын назарларыңызға ұсынамыз.

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.