Пн03252013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

Ұшақтың құлау себебін тек тұманнан іздейміз бе?

Кеше сағат 13:00 шамасында Ал­маты қаласының әуежайына шама­мен бес шақырым жетпей, Алматы облысына қарасты Іле ауданының Қызыл ту елді ме­ке­ніне жақын жерде «Көкшетау-Алматы» бағытын­да қатынайтын жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.  

«SCAT» әуе компаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challen­ger-200» әуе кемесінің бортында 5 эки­паж мүшесі және 15 жолаушы болған. «Чел­ленджер» сөзі үміткер деген мағына бе­ре­ді. Ұшақ ішіндегілерден аман қал­ған­дар жоқ. Апат салдары әлі нақтылан­ған жоқ. Дегенмен ауа райының қолай­сыздығы, дәлірек айтқанда, қалың тұман себеп болуы әбден мүмкін. Себебі Көк­шетау-Алматы бағытымен ұшып шыққан ұшақ Алматы әуежайына қонар тұста радар­дан жоғалып, байланыс үзілген. Ал­ғашқы жолы әуежайға жеткен ұшақ қонуға рұқсат ала алмайды. Екінші қай­тара мүмкіндік жасамақ болған ұшақ тұманда адасып кеткен. 

Оқиға орнына оннан астам өрт сөн­діру көліктері, отызға жуық жедел жәр­дем қызметі, жүзден астам төтенше жағ­дай­лар қызметкерлері, сондай-ақ Ал­ма­ты және Алматы облысынан бес жүз­ге жуық құқық қорғау органдарының қыз­меткерлері жұмылдырылды. Ұшақта­ғы барлық жолаушылар қаза тапты. Мә­й­іт­тердің барлығының дерлік дене мү­шесі бөлшектеніп кеткен. Ұшақ Қызыл ту ауы­лының маңындағы белгісіз біреуге қарасты жекеменшік шаруашылық жері­не түскен. Бірнеше гектарды құрайтын жер бетон қоршауға алынған. 

Бас көлік прокуратурасы аталған апатты дерек бойынша ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігімен шұғыл түрде қылмыстық іс қозғап, аталған іс бойынша жұмысын бастап кетті. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­­баев Алматы облысының Қызылту кен­ті маңында жолаушылар ұшағының апат­қа ұшырауы салдарынан қаза бол­ған­­дардың туған-туыстарына көңіл айтты. 

«Алматы облысының Қызыл ту кенті ма­ңында адам құрбандығына душар еткен «СКАТ» әуе компаниясы жолаушы­лар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы қа­ралы хабарды күйзеле отырып қабыл­да­дым. 

Қазақстан халқының және жеке өзім­нің атымнан қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. 

Мен тиісті мемлекеттік органдарға ұшақтың апатқа ұшырауының себептерін анықтап, қайтыс болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырдым», – деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. 

Түстен кейін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов «Алматы қаласының  әуежайы   маңында CRJ – 200 LR  ұшағының  құлауы салдарынан орын  алған  қайғылы оқиғаның себебін тексеру жөніндегі  үкіметтік комиссия  құру  туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы­на қол қойды. Бұл комиссияға Премьер-министрдің бірінші  орын­ба­сары – өңірлік даму министрі Бақытжан  Сағынтаев    жетекшілік етеді.  Оның құрамына  төтенше жағдайлар министрі  Владимир  Божко, көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев, Бас прокуратура, Бас көлік прокуратура және  басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. 

«Скат» әуе компаниясы Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақта қаза тапқандардың   тізімін жариялады. 

Экипаж мүшелері:

Евдокимов Владимир – экипаж командирі

Шарапов Александр – 2-ші ұшқыш

Бабаян Слава – 3-ші ұшқыш

Кривоносова Ирина – борт серігі

Асфандиярова Дина – борт серігі

Жолаушылар: 

Ғалымжан Дүйсенов 

Дүйсен Жүзбаев 

Асқар Құсайынов 

Николай Лотков

Қайсар Малғаждаров 

Акрам Низамов 

Әбілжан Омаров 

Марат Оразбаев  

Индира Рақымбек 

Александр Сериков 

Арсен Шутиков 

Асқар Ескендіров 

Иван Жаворонков 

Вейст Владимир 

Рубас Александр 

Бақытжан Р.М (бала)

Алматы әкімдігі әуе апатында қаза болған алматылықтарды жерлеуді ұйымдастыруда олардың туған-туыстарына көмек береді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Сәкен КӨКЕНОВ     

Алаш айнасы

Лебіз қалдыру

blog comments powered by Disqus
Download SocComments v1.3

новинки кинематографа
Машинная вышивка, программа для вышивания, Разработка макета в вышивальной программе, Авторский дизайн

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.