Ср03272013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

Сарайшық сапары

Автор: Ержан Алаш, Азамат Қабдіров, Саламат Қабдолов

 

1. Атырау қаласынан 35 шақырымда орналасқан Сарайшыққа - "Қазақ хандығының алғашқы астанасы" болды деген сыңайда қойылған белгі, міне осы. Суретте аспан үстінде көрінгендей бұл қала Қасым ханның тұсында Қазақ елінің астанасы болып, әлемнің ең дамыған қалалары қатарында болды. 1513 жылы, бүгінгі Қазақстандай үлкен аумақты иеленіп, ұлан-айғыр жерді Қазақ елі деп бекіткен Қасым Хан Сарайшықты "Қазақ хандығының алғашқы астанасы" деп жариялаған.


 2. Қарт Жайық Сарайшықтан өтіп, кейін Атырауды Еуропа мен Азияға бөліп Каспийге барып құяды.


3. Бұрындары Жайықтың арнасы өзгеше болған, уақыт өте бағытын бірнеше рет өзгертіп Сарайшықтың бұрынғы қалпын жұтып қойды.


4. Тарихы кітап таныған жұртты қызықтыратын болған соң, осындағы мұражайға келушілер көп. Дегенмен бүгінде бұрынғы нақышынан толықтай айырылған Сарайшықты, бұрын астана болды деп айту қиын. Бар қалғаны осы естелік. Сарайшықта бізбен кездескен шетелдік қонақтар: "Бізді осындағы кафе-ресторандар, қазіргі заманғы көшелер, ойын-сауық орталықтары мүлдем қызықтырмайды. Олардың бәрі бізден қалған. Олар ұлттық нақышты айғақтамайды. Ал бізге Қазақтардың қалай қалыптасқаны қызықтырады. Сол үшін бізге осындай жерлер қызық" - дейді. Ал біздің қоғам өзін танып, тарихын тереңнен іздеудің орнына, өзгені танып жүр...


5. Мұражай жетекшісі Молдаш Бердімұратовтың айтуынша, Сарайшық жерінде жеті ханның сүйегі мен бір ханның басы жерленген. Сол жеті ханға құлпытас қойылған. Бірінші құлпытасқа Мөңке Темір (1266-1282 ж.ж.) деп жазылып, ханның билік құрған жылдары көрсетілген. Бұдан кейін Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312 жж), Жәнібек (1343-1353 ж.ж.), Әмір Оқас (1440-1447 ж.ж.), Қасым хан (1511-1518 ж.ж.), Ших Мамай (1542-1549 ж.ж.) және Жүсіп (1549-1554 ж.ж.) ханның рухына арналған құлпытас тұр.


6. Тәуелсіздік алған тұста, өз тарихымызға өзіміз баға беру - кейінге шегеруге болмайтын заман талабы еді. 1991 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осында жазып қалдырған тілегі.


  7. Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған — арабтың әлемге әйгілі географ-ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол 1334 жылы келіп, шаһарды аралап, «Өмірлік саяхат» аттты кітабына мынадай естелік жазып қалдырыпты: «Мен дүние жүзінің бәрін араладым. Сонда аңғарғаным, Сарайшық — Бағдаттан кейінгі ірі қала екен. Жер бетінде Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен. Қалада ханның салтанатты сарайы және төрт мешіт бар. Қонақ үйлердің есебіне сан жетпейді. Бірақ, мен оларды көріп таңқалған жоқпын. Менің таңқалғаным — жер шарын шарлап жүргенімде, көрмеген бір қызықты Сарайшықтан көруім болды. Мұнда су әрбір үйге өзі барады екен».

 8. Ол кезде қаланың ұзындығы шамамен он, ені сегіз шақырымға дейін созылған. Қасым ханға қарайтын халықтың саны миллионға жетіп, әскері жүз мың болған. Қасым дәуірінде қазақ іргелі ел болып, алыс-жақын мемлекеттерді өзімен санасуға мәжбүр еткен.

 9. Қала сыртындағы шаруалардың там үйлері.

 10. Көне заманнан қалған құмыралар бұл жерде өте көп болған. Сарайшықтың дәуірі біткеннен, күні бүгінге дейін тоналған байлығынан қазір ештеңе қалмады.

 11. Қала ішіндегі көшелер осындай тастармен безендірілген. Тарихшылар Мәскеудегі әйгілі Кремльдің алғашқы нұсқасы Сарайшықта болғанын айтады. Кейін қала әлсіреп, қаланы басып алған казактар оны қиратуға қимайды. Бұны естіген Грозный қалаға арнайы келіп, 12 күн болады. Кетерінде Иван Грозный қаланың көркіне тамсанғанмен, «Мәскеуге ұқсайтын қала жер бетінде тұруға тиісті емес» деп қаланы тас-талқан етіп қиратуға бұйрық береді. Сөйтіп бес ғасырға жуық уақыт өмір сүрген салтанатты Сарайшық жермен-жексен болады. Бір ғасырдан астам уақыт бойы тоналады. Грозныйдың қаланы бұлай қирату себебі — өзіне дейін билік құрған Юрий Долгорукий Мәскеудегі Қызыл алаңның келбетін Сарайшықтан көшірген. Ал Кремльдің келбетін Алтын ордадан алған. Жұртшылықтың «Казанские, Успенские соборы» деп атап жүрген Кремльдің жан-жағындағы сәулетті соборлар — Қазан қаласының көшірмесі. Орыс­тардың «Москва построено по восточному стилю» деп сөйлейтіні осыдан. Грозныйдың әуелі Қазанды, одан кейін Сарайшықты құлатып тынғандағы негізгі себебі — өздерінің осы «ұрлықтарын» жасырып қалу болатын, — дейді Молдаш Бердімұратов.

 

 13. Ескі заманнан қалған бұл Қасиетті Құранды Сарайшық тұрғыны өз ауласынан тауып алған.

14. Бүгінгі күні мұражайда 3784 экспонат бар. Олардың барлығы да Сарайшық жерінде археологиялық қазбалар кезінде табылған.

 

15. Мұражай жетекшісі Молдаш Бердімұратов осы жердің "интеллектуалды шырақшысы".

 

16. Мұражайдан сәл қашықтықта қаланың ескі бір бөлігі орналасқан. Бұл қаланың соңғы қалған көрінісі десек болады.

 

18. Қазіргі Сарайшық ауылының әлеуметтік жағдайы жақсы емес. Ауыл балалары осындағы жер болған қаланың әр жерін шұқып, табылған жәдігерлерді келген қонақтарға сатумен айналысады. Бұларды "черный археологтар" дейді. Солардан қалған соңғы тұяқ. Себебі қала 5 ғасыр бойы тоналды. Осында табылған көптеген құнды жәдігерлер қазір Ресей мұражайларында самсап тұр.

19. Су шайып жатқан қаланың бұл бөлігі кезінде мазар болса керек, адам сүйектері жағада ашық аспан астында шашылып жатыр.

 

21. Бұл сүйектердің кімге тиесілі екенин анықтайтын мекеме бар ма?

 

23. Суда шайылып жатқан бас сүйекетер адам шошытарлык. Ата-бабасының сүйегін осындай жағдайда қалдыратын деңгейге де түскен екенбіз... Көрмес, түйені де көрмес дейді, мүмкін осыны да көрмеспіз... Дегенмен мәселе көру-көрмеуде емес қой, мәселе соны түсіне білуде ғой...

 

31. Ағысы қатты Жайықтың бұл жерде неліктен тапшымай тұрғанын көріп, бұл жердегі өзен, Жайықтан бөлек, ағынды су емес болар деп топшыладық. Бірақ кейін ғаламторда спутник арқылы түсірілген картадан мына сүйекттердің кәдімгі Жайықтың ағынды суында жатканын түсіндік. Кейін осы ағып жатқан су Атырауға барып, қала халқының суына айналатынын да түсінуге болады. Суға шайылып жатқан сүйектер, біз қойып қойған белгі тұрған жерде шашылып жатыр.

 

33. Жерде шашылып жатырған сүйектердің үстінен адамдар да, балалар да өтіп жүр. Тіпті малдар да жайылып жүре береді. Қорымды біржолата көміп тастау үшін ой-санадан басқа дым керек емес деп ойлаймыз...

 

 

 35. Сарайшық сапары осымен бітті. Көңілде қаяу қалды. Шашылып жатырған ата-баба сүйекетерін көріп, көнілге кірбің ұялады. Жергілікті билік органдары шеше алмай отырған бұл мәселе, соңғы рет Иманғали Тасмағамбетов облыс басшысы болып тұрғанда алғашқы рет қозғалып, көптеген мәслелер шешімін тапты. Қала жөнделіп, тарихи орындар қайтып қолға алынып, археологиялық жұмыстар қайтып орын алса, жерде шашылып, Жайыққа ағылып жатқан сүйектер көмілсе, ауылдың әлеуметтік жағдайы жақсарса - кемелді іс болар еді. Астананың басты көшесін Сарайшық деп атағаннан іс шешілмейді ғой. Міне, Қазақ хандығының Қасым жариялаған алғашқы астанасы қазір осындай күй кешуде.

 

Лебіз қалдыру

blog comments powered by Disqus
Download SocComments v1.3

новинки кинематографа
Машинная вышивка, программа для вышивания, Разработка макета в вышивальной программе, Авторский дизайн

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.