Ср03272013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

Елімді дамытам десең - өз ортаңнан баста.

1

1. "Айқап" ақпараттар порталының кезекті сапары Атырау қаласынан 100 шақырым жердегі Исатай ауданының орталығы Аққыстау селосына болды. Сапарымыздың басы Хамит Ерғалиев ауылынан басталды. Осы ауылда қазақтың белгілі ақыны Хамит Ерғалиев туған. Ауылдың қазіргі сиқы еліміздің өзге ауылдарынан көп айырмашылығы жоқ. Келбеті жұпыны келген бұл ауылдың халқының дені Атырауда және Аққыстау маңындағы мұнай игеріп жатқан мекемелерде істейді. Айлықтары күн-көрістің оны-мұнысынан ауыспайды. Мұнда өндіріс жоқ. 

 

 

4. Аққыстаудың ағылшын тілінде неліктен осылай қате жазылғанын түсінбедік. Мүмкін баяғы өкіметтің құжаттарындағы "Аккистау" деген сөзін тікелей аударған шығар...

 

 

5.  Іргесі 1973 жылы Атырау – Астрахань темір жолын салуға байланысты қаланған бұл өңірдің жері мұнайға бай. Аққыстаудан сәл ассаңыз әйгілі Сазанқұрақ кеніші бар. Бірақ дені Қытайға өткен ол жерлердің қызығын жергілікті халық көріп отырған жоқ.

 

 

7. Біз де сенеміз. Бірақ ауыл дамымай, халықтың болашағы бұлынғыр.

 

 

 

9. Біздің фоторепортажымыздың бүгінгі кейіпкері бұл өз заманын өзгеге қарамай өзгертіп отырған Руслан атты 24 жасар бала. Руслан осыдан 3 жыл бұрын Алматыда Сүлеймен Демирел университетін бітіріп, 2 жылдай Алматыдағы Қазақ-Түрік лицейінде "Алгебра" пәнінен сабақ берді. Бір жыл бұрын Руслан өзінің туып өскен ауылына оралып, өзінің ортасын біліми тұрғыда дамытуға атсалысқысы келіп, осы іске құлшына кірісіп кетті. Өзінің шағын мектебінде ол оқушыларды ҰБТ-ға математика және физика пәндері бойынша оқытады. "Басында 4-5 адам болған, қазір оқушы саны 70-ке жуық. Оқығысы келетіндер саны көп, бірақ оларды қабылдауға қазір шамам жетпейді. Бір жағынан жалғызбын, бір жағынан бөлмеміз тар. Бірақ маған маңыздысы осы оқушыларымның математика пәнін жақсы игеріп, болашақта жақсы оқу орындарына түсіп кетуі" - дейді Руслан.

 

 

 

10. Бөлмеміз тар, бірақ адам оқуға ықтиярлық танытса, оқиды. Жақында әкімшіліктен жер сұрап көрдім. Жер алып шағын мектеп салсам, кейін ол мектепті жақсы оқу ордасына айналдырсам деймін. Бұл оңай іс емес, бірақ қаласаң болатын іс - дейді Руслан. "Аққыстау қала емес, жер көп қой, әкімшілік не дейді, жер береміз дей ме" - деген сұрағымызға Руслан: "Жер береміз деп, те бермейміз" - деп те айтпады. Өтініш жауапсыз қалды" - деп жауап берді...

 

 

 

13. Менің атым Нұргүл. Осындағы Абай атындағы орта мектептің 11-ші сынып оқушысымын. Мақсатым шетел тілдерін игеру, бірақ ҰБТ-дан жақсы нәтиже алу үшін математиканы жақсы меңгеріп алғым келеді. 

 

 

 

17. Менің атым Назерке. Аққыстаудағы Абай атындағы орта мектептің 11-ші сынып оқушысымын. Руслан ағайдың бастауымен ашылған қосымша курсқа келіп жүргеніме 2 ай болды. Нәтиже ойдағыдай! Мақсатым ҰБТ-дан жоғары балл жинап, Алматыдағы жақсы университеттердің біріне түсу. Оқу орнын аяқтап Қазақстанның дамуына кішкене де болса үлес қосқым келеді.

 

 

 

20. Менің атым Жеңіс. 11-ші сыныпта оқимын. Физика мен математиканы өте жақсы меңгеріп, инженер болғым келеді. Бұйыртса Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне түсемін. Қазір осында осы ойымды жүзеге асыру үшін математикаға дайындалып жүрмін.

 

 

27. Мен "Think global, act local" - деген принціпті ұстанам. Әрбір адам өз еліндегі жақсы өзгеріс немесе дамуды қалайды. Ал жеке адам ол үшін не істеп жатыр? Әрбір өзгеріс адам санасында басталады, содан соң айналасында басталады. Мен өз ауылымның біліми деңгейін көтергім келеді. Жақында білім басқармасынан "мектепте жаса" - деген ұсыныстар түсті. Бірақ оны қабыл етпедім. Бұл оларды сынағаным емес, тек мен осы жерде өз әдісіммен математиканы қосымша үйретем. Жақсы өзгерістер көріп жатырмын. Оқушылар да риза. Егер бір адамның біліми деңгейін өзгертсем, бұның өзі мен үшін - жеңіс. Себебі, Қазақ елінің дамуы тек қана білімді жастардың қолында - дейді Руслан.
 
 
30. Аққыстау сапары осымен аяқталды. Елімізде осындай жігіттер жетеді. Жалғыз Аққыстауда емес, әр аймақта өз күшімен еңбек қылып азаматық көрсетіп жүргендер көп. Жер байлықтарының емес, керісінше осындай жігіттердің бары - еліміздің болашағы жарқын болатындығына көңілде үміт ұялатады.

 

Лебіз қалдыру

blog comments powered by Disqus
Download SocComments v1.3

новинки кинематографа
Машинная вышивка, программа для вышивания, Разработка макета в вышивальной программе, Авторский дизайн

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.