Біздің Болашақ
Айқаптың келесі нысанасы – Болашақ стипендиясымен Ұлыбританияда оқып жүрген студенттердің тыныс-тіршілігі мен жоспарлары.
1. «Уорвик Қазақ Қоғамдастығымен» бір кесе шай.
Біздің дастархандас болуымыз – мәдениет жайлы әңгіме-дүкен құру деген сөз. Өзіміздің жақсы көретін және дамуына атсалысқымыз келетін туған еліміз жайлы ой қозғау деген сөз. Біз бірге болған кездегі әңгіме - еліміздегі біз білмейтін жайттар жайлы рухани сырласу.
Отанымыздың дамуы жайлы өте жиі сұхбаттасамыз. Бірақ көбіне бірігіп алып айтып отырмай, сабақ уақытында ынты-шынтымызбен еліміз жайлы презентациялар дайындап, әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттерге Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін таныстырамыз. Бір өкініштісі,айтылатын нәрсе сол баяғы : жер көлемі жөнінен 9-орын алатындығымыз, Абай, мұнай, ОБСЕ,Астана және Бораттың төңірегіндегі ақпараттардан әрі аспайды. (соңғысын ерекше ықыласпен тыңдайды)
Дәл қазір, осы жерде біздің заманауи мәдениетіміздің бізге қаншалықты қажет екендігін ортаға салып көп айтпайды екенбіз. Сондықтан бүгінгі кешті – еліміздің мәдениетіне арнадық.
2. Исборн шыңын бағындырудамыз
3. "Seven Sisters" жартастарына көтерілер алдында
4. Олжас Сүлейменов Уорвик Қазақ қоғамдастығында қонақта
5. Әр оқу жылы басталмас бұрын, Ұлыбританияның барлық жоғарғы оқу орындарында әлем елдері мәдениетінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Әр студенттің қандай да болсын қоғамдастыққа мүше болу құқығы бар. Осылайша, олар өз мәдениетін паш етеді немесе басқа елдердің мәдениетімен танысады.
6. Уорвик университетінде жыл сайын өткізілетін «One World Week» шеруіндегі қазақтар
7. Сабақ арасында қазақ жастары тұңғыш рет Ливерпуль қаласына келуді ұйғарды
9. Болашақ медицина мамандарын даярлайтын факультет.
10. Университет жаңа технологиялармен толық қамтамасыз етілген. Студенттерге алған білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік жасалған.
11. Студенттердің ең жиі кездесетін орны – кітапхана
13. Fashion Show. Мәдени қоғамдастықтар өзінің бай мәдениетін сән тілінде паш ете алатын бірден-бір іс-шара.
14. Сән кешіне дайындық үстінде. Шет елдегі бауырмал қазақтар.
16. Ұлыбританияда оқып жүрген қазақ студенттері арасында өткізілетін «Достық» футбол біріншілігі
17. «Достық» және оның жанкүйерлері.
18. Наурыз мерекесі мен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерекесі аясында, Ұлыбританиядағы қазақ студенттерінің тарихында алғаш рет «Бал 2012» ұйымдастырылды. Бұл да болса, қазақ жастарының ұйымшылдығы мен төл мерекесін ұлықтаудың бірден-бір дәлелі.
20. Дебютанттар кешті ашу мәртебесіне ие бола алады.
21. Бал қонақтары
22. Бал қонағы - "UK Kazakhs got talent" жобасының жеңімпазы – Бектас
24. Қазақ жастары ән айту, мың бұрала би билеу, музыкалық аспапта ойнау өнерінен де құралақан емес.
25. Елден жырақта жүрсек те, біз төл мерекелерімізді ұмытпаймыз. Сондай орны бөлек мейрамның бірі – Құрбан айт. Аталмыш мерекенің шығу тарихы жайлы презентацияны тыңдап, түрлі байқауларға қатысқан соң, тәтті палаудың дәмін таттық.
26. Бакалавр ғана емес,магистратурада оқу үшін қазақ жастары жанұясымен келіп,білім нәрімен сусындайды.
27. Біз Айқаптың тұрақты оқырманымыз!
28. Қожахметова Айжан. Мен «Болашақ» стипендиясының иегерімін. Мамандығым – жалпы медицина. Дәл қазір Warwick университетінде білім алып жатырмын.
Инновациялық медицинаның алдыңғы қатарлы орталығы болып табылатын Ұлыбритания елінде медицина мамандығы бойынша оқуым – мен үшін үлкен қуаныш пен мүмкіндік.
Қазақстан үшін жүйелі түрде әлемдік стандарттарға, жаңа технологияларға, емдеудің заманауи әдістері мен қызмет көрсетуіне көшу – аса маңызды. Сондықтан мен еліміздің медицина саласына, әсіресе жүрек қан тамырлары хирургиясына елеулі үлес қоқым келеді. Дәл осы салада көптеген жандардың өмірін аман алып қалуға көмектесетін жаңа инновациялар Қазақстанда әлі қолданылмайтындықтан, мен қызығушылық таныттым.
29. Сүйіндік Шыңғыс. «Болашақ» стипендиясының иегерімін.Warwick университетінде актуарий мамандығы бойынша білім алып жатырмын.
Актуарий – сақтандыру, зейнетақы және инвестиция саласындағы тәуекел мен ықтималдықты зерттейтін ғылым. Аталмыш сала мамандары Қазақстанда санаулы болғандықтан,мен осы бағытты таңдадым. Елге оралған соң Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жетілдіруге үлес қоссам деймін.
30. Тоқанов Қуаныш. Warwick университетінде Компьтер ғылымын зерттеудемін. Жақында «Basic Server» қосымшаларын енгізу мақсатындағы жобамды аяқтадым. Ол қосымшалар қолданушымен қосылуды қабылдау, алынған хаттарды өңдеп,сақтауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта қолданушының белгілі бір бұйрықтарын жүзеге асыратын - «Haskell» императивті бағдарламалау тілін жазу үстіндемін.
Университетті тәмамдаған соң ,компьютер технологияларының өмірдің барлық салаларында дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Әсіресе Банк қауіпсіздігі саласында. Негізі жоспар жетерлік. Оқулықтарды ағылшын тілінен мемлекеттік тілімізге аударғым келеді, сонда Қазақстандағы өзімізден кішілерге қолжетімді болар еді.
31. Рустам Ниетбаев. ЖОО Қытайда тәмамдаған. 6 жылдың 2 жылын Қытай тілін үйренуге жұмсайды. Қалған 4 жылда «Халықаралық сауда және экономика» мамандығы бойынша білім алады. Оқумен қатар халықаралық сауда ісін де қолға алған Рустам, орыс және қытай тілінде келісім шарттар жасайды. Делдал ретінде сақтандырумен айналысып, жүк тасымалын қадағалайды. Оған қоса ағасымен бірігіп,Пекин қаласында кофетерий ашады.
Қазір Рустам Warwick Бизнес мектебінде қаржы магистрі. «Қазақстанға оралған соң жылжымайтын мүлік агенттігін ашуды жоспарлап отырмын. Еліміздің экономикасын дамытудың негізгі факторларының бірі - шағын және орта кәсіпті дамыту»
32. Рысбаева Әйгерім. 17 қараша 1991 жылы дүниеге келдім. 2010 жылдан бері Ұлыбританияның Уорвик университетінде Математика, Операциялық зерттеу, Статистика және Экономика мамандығы бойынша оқып жатырмын.
Бес жасымнан шахмат, скрипка жане фортепианамен айналысып келемін. Шахматтан Бес дүркін Қазақстан Чемпионымын. 2007 жылы 18 жастағы жасөспірімдер арасында Азия Чемпионы атандым және 2004 жылдан бастап Азия Ойындары (Макао, Вьетнам, Сингапур, Иран, Малайзия) , Әлем Чемпионаттарының (Франция, Германия, Турция, Польша) қатысушысымын. 2007 жылы, №13 музыка мектебін скрипка және фортепиана класы бойынша қызыл дипломмен бітірдім.
Уорвик университетінде алып жатқан білім, шахмат пен музыканың арқасында дамытқан тәжірибе, болашақта алдыңғы қатарлы маман болып шығуға ықпалын тигізеді деп сенемін. Сонымен қатар,білікті маман ретінде алдағы жылдарда Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосуға бел байлап отырмын.
33. Айгерім Игібаева. ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері. Ұлыбританияның Warwick университетінде Математика, Операциялық зерттеу, Статистика және Экономика мамандығы бойынша оқудамын. Маған өзімнің айналысатын ісім ұнайды, математика – өмірдің барлық саласында қолдануға келетін әмбебап ғылым. Ұлыбританияның ең жақсы деген университетінде оқи отырып қолжеткізген баға жетпес тәжірибе мен терең білімді болашақта еліміздің даму жолында қолданғым келеді. Джон Кеннеди: «Елім маған не берді деп сұрама, Мен еліме не бердім деп өзіңе сауал қой» деген екен. Қазіргі Қазақстан жастарына қойылатын ең басты талап – терең әрі сапалы білім алу және оны тәжірибе жүзінде іске асыру. Білікті маман болғаннан кейін, өзімді қаржы және аудит саласына арнасам деймін, сонымен қоса, еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қосқым келеді.
34.Ұлыбританиядағы қандастырымыздың білімге құштарлығы, елге деген ықыласы, ұйымшылдығы бізді қуантады. Болашақтықтар болашақта ел дамуына елеулі үлес қосады деп сенейік.
Лебіз қалдыру
