ДЖОН ФИЦДЖЕРАЛЬД КЕННЕДИ

АҚШ-тың 35-і президенті, Массачусет, 46 жасында Даллас қаласында қасақана өлтірілді.
Жазып алған: Сая Қызылбаева
Біз қаласақ та, қаламасақ та жаңа белестер әрдайым алда болады.
Елім маған не бере алады деп ойламаңыз, мен еліме не істей аламын деп ойлаңыз.
Бір нәрседен айырылып қалу қорқынышы үнемі күмәндікті тудырады.
Біз өмір сүру мен бостандықты қамтамасыз ету үшін ешқандай қиындыққа мойымаймыз, бір-бірімізді қолдай отыра, жауларымызбен соғысамыз. Кез-келген бағаны төлей отыра, жауыздықпен, кедейшілік, аурулармен және соғыстың өзіне қарсы тұра аламыз.
Біз барлығын жеңіл болғандықтан емес, керісінше қиын болғандықтан істейміз.
Жалғыз адам әр нәрсені өзгерте алады, бірақ талпынуға әркім міндетті.
Мен президент орнына жайғасқан кезде, ел жағдайының қаншалықты ушыққандығы көп адам айтқандай халде екендігі таңғалдырды.
Не адамзат соғысты жояды, не соғыс адамзатты жұтады.
Құдайдан жеңіл өмір сұрамаңыз, одан да сізді мықты етуіңізді тілеңіз.
Қытай тілінде «дағдарыс» сөзі екі иероглифтан тұрады: бірі – «қауіп» болса, екіншісі – «қолайлы мүмкіндік».
Жауларыңызды ұмытсаңыз да, олардың аттарын ешқашан естен шығармаңыз.
Жеңілістен аман-есен өткен адам бәріне төзеді.
Ұлт өзінің дүниеге келген азаматтарымен ғана емес, дүниеден өткен азаматтарын құрметтеуімен сипатталады.
Ішкі саясатта біз тек жеңіліс табуымыз мүмкін, ал сыртқы саясат бізді көрге апаруы мүмкін.
Шындық әрқашан дәлел мен дәйекті талап етеді.
Қорқыныш сезімімен келіссөздер жүргізуге болмайды.
Жеңістің әкесі көп, ал жеңіліс – жетім.
Әлем қазір мүлдем өзгерді. Адамзат кедейшілікті және де басқа адам өмір сүруін тоқтататын алып күшке ие.
Барлығымыз бірігіп, айтарлықтай шаруаларды атқаруымызға күшіміз жетеді. Ал бөлініп кетсек, бізге тасталған сынды әрқайсысымыз бөлектеніп қабылдай алмаймыз.
Біздің өз үйімізде өзіміз қожайын болып қалатынымызды - кез-келген держава білсін.
Жеткілікті қару-жарақ қорын иемденумен ғана біз олардың қолданбайтынына кепілдік бере аламыз.
Сыпайылық ешқашан әлсіздіктің белгісі болған емес.
Мен әлемдегі бейбітшілікті қалай түсінемін? Қандай бейбітшілікті біз көздеп отырмыз? Американдық қарудың арқасында қорқынышпен қабылдатылған бейбітшілік емес, өлік қорғандар мен құлдың бейбітшілігі емес. Менің айтым тұрғаным, шынайы бейбітшілік. Жер бетінде өмір сүруге қолайлы ететін, мемлекеттер мен адамдардың дамуына мүмкіндік беретін, өз балаларын жақсы өмір сүруге жетелейтін, тек қана американ ұлтына арналған бейбітшілік қана емес, барлық ерлер мен әйелдерге арналған, ғасырларға созылатын бейбітшілікті айтамын.
Барлық бәлекет адамзат қолымен істелген соң, оны түзету де адамзаттың қолынан келеді. Адам өз қалауына үнемі жетеді. Адам ақылы және рухы үнемі күрделі мәселелерді шеше алады.
Шынайы бейбітшілік барлық елдердің бірігіп толассыз атқарылған еңбектерінің нәтижесі болу керек. Ол әрбір ұрпақтың талабына сай бір қалыпта емес, үнемі даму үстінде болғаны дұрыс. Бейбітшілік ол барлық мәселелерді шешетін үдеріс емес пе?!
Арсыз адам қуған сайын қашады.
Біз, американдықтар, жеке бостандық пен өзін-өзі сыйлау қасиетін жұрдай қылатын коммунизм жүйесін қашанда жек көрінішпен қарайтын боламыз.
Біздің ұқсамайтын жақтарымызға көрімізді жұмып, ортақ қызығушылықтарымызға назар аударсақ, айырмашылықтарымыз жойылады.
Бәрінен де біздің барлығымыздың осы кішкене жер бетінде өмір сүріп жатқанымыздан артық еш маңызды зат жоқ. Барлығымыз бір ауамен тыныс аламыз. Барлығымыз өз балаларымыздың болашағын ойлаймыз. Біз барлығымыз о дүниеге аттанамыз.
Мен қанша ақымақтық істесем, сонша танымал боламын.
Дипломатияға нағыз қалта ұрыларының желінбес жүйкесі керек екеніне көзім жетті.
Кім бейбіт төңкерістердің мүмкіншілігін жойса, сол қанды төңкерістің болдырылуын арттырады.
Көшбасшылық пен білім бір-біріне қажет
Америка Құрама Штаттары тек бір орында тұру үшін ғана тез дамуы тиіс.
Өмірде өз әйелінің көзіне шөп салмаған ер кем де кем.
Келісіп “ләппай” деу беру – бостандықтық пен прогресстің жауы
Щындықтың қас жауы – алдамшы өтірік, арсыз өсектер емес. Шынайы жауы - әбден сіңіскен, қызықты әрі сенімді аңыздар.
Армансыз халықтар әрдайым құрдымға кетеді.
Адам өледі, ұлттар дамиды әрі құлдырайды, бірақ идея үнемі өмір сүреді. Идеялар ешқашан өлмек емес.
Бізге бұрын-соңды және ешжерде болмаған заттарды армандау қабілетіне ие адамдар керек!
Лебіз қалдыру

