Ср03272013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

Кедейлер санын кемiтiп көрсетудiң әлегi

Қазақстандағы тақыр кедейлердiң саны қанша? Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгi кедейшi­лiк­тiң шегiн белгiледi. Ол күнкөрiстiң төменгi деңгейi­нiң 40 пайызына тең.

2012 жылдың желтоқсанындағы дерек бойынша, елiмiздегi күнкө­рiстiң төменгi деңгейi 16 698 теңгеге жеткен. Мұның 40 пайызы бар-жоғы 6679 теңгеге тең. Демек, табысы 44 доллардан аспайтын әр қазақстандық кедей болып танылады.

Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгi кедейшiлiктiң төмен­гi шегi мен күнкөрiстiң төменгi деңгейiн Бүкiләлемдiк банк ұсынған өлшем бойынша есептеп шыққан. Алайда Бүкiләлем­дiк банктiң бұл есеп-қисаптары әлемдегi кедей мемлекеттерге арналған. Ал Қазақстандағы жан басына шаққанда жалпы iшкi өнiм көлемi 11 мың доллардан әлдеқашан асып кеткенiн ескерсек, басқа есептеулерге иек артатын уақыт келгендей.

Күнкөрiстiң төменгi деңгейiн статистика жөнiндегi агенттiк әр тоқсан сайын есептеп шығаратыны белгiлi. Ол ең төменгi тұтынушылық кәрзiңкесiне тең. 16 698 тең­геге бiр ай бойы күн көру мүм­кiн бе? Ал мұның 40 пайызы 6679 теңгеге ше? Осы есептеу­лер­дiң бұрыстығына меңзейтiн сарапшылар бұл көрсеткiштер әдейi бұрмаланып төмендетiлген деп санайды.

Қазақстандағы күнкөрiстiң төменгi деңгейiн шығару кезiнде азық-түлiктiң 43 түрi есепке алынатын көрiнедi. Ондағы азық-түлiк қоржынының пайыздық үлесi – 60 пайыз. Бар гәп те осында. Кедейшiлiк көрсеткiшiн есептеуде ең алдымен тұтынушылық кәрзiңкесi, күнкөрiстiң төменгi шамасы есепке алынатыны түсi­нiк­тi. Алайда әр мемлекет күн­көрiс деңгейiн әрқилы есеп­тей­­дi. Оның үстiне, көп елде күн­кө­рiс­тiң төменгi деңгейi – кедей­шi­лiк шегi болып белгiленген. Яғни, күнкөрiстiң төменгi дең­гейi­нен аз табыс табатын адам оларда кедей санатына жатқызылады. Оған мысал келтiру үшiн алысқа барудың қажетi жоқ. Көршi Ресейде дәл солай. Оның үстiне, таяуда Ресей тұтынушылық кәрзiңкесiн есептеу тәсiлiн өзгерттi. Ендi ондағы азық-түлiк қоржыны нақты көрсеткiштермен есептеледi. Ал азық-түлiкке жатпайтын тауарлар құны азық-түлiк бағасының жартысына тең.

 

Кәрзiңкенiң төрттен бiрi – қызмет түрлерi. 2012 жылы Ресейде бұл көрсеткiш 6643 рубль болса, ендi ол 7108 рубльге жеттi. Бұл Қазақстанның төменгi күнкөрiс деңгейiнен екi есе көп деген сөз.

АҚШ-та да күнкөрiс деңгейiн есептеу­де басшылыққа алынатын тұтынушылық кәрзiңкесiне 300 тауар мен қызмет енген. Бұл тiзiмде азық-түлiк пен киiм-кешек, қызмет түрлерiнен бөлек пәтерақы, коммуналдық төлемдер, тiптi бензин бағасы бар. Осының бәрiн есепшотқа салып көрсек, Ресейде күнкөрiстiң төменгi деңгейiнен аз табыс табатын халық саны – 22,9 миллион. Бұл халықтың 16,1 пайызына тең.

Сарапшылар егер адамның табысы күнкөрiстiң төменгi шегiнен төмен болса, оны бiрден кедейлер санына қосу керек деп есептейдi. Ал күнкөрiстiң төменгi шамасының 40 пайызы – тым төмендетiлiп жiберген көрсеткiш көрiнедi. Қазақстанда тұтынуға жұмсалған табысы күнкөрiстiң төменгi деңгейiнен төмен халық үлесi 2011 жылы 6,1 пайызға жеткен.

Статистика жөнiндегi агенттiк ұсынған кедейлiк деңгейiнiң динамикасына сүйенсек, 2011 жыл бойынша табысы күнкөрiстiң төменгi шамасынан төмен халықтың үлесi – 5,3 пайыз. 2012 жылдың толық қорытындысы әзiрге белгiсiз. Ал азық-түлiк қоржынының құнынан төмен табыстары бар халықтың үлесi – 0,5 пайыз.

Елдегi кедейлердiң санын кемiтiп көрсетудiң саяси себептерi де жоқ емес. Кедейлерi көп ел дамуы жөнiнен артта қалған мемлекет болып саналады. Көп елдердiң нақты көрсеткiштердi азайтып көрсетуiнiң басты себебi де осында. Мәселен, БҰҰ деректерi бойынша егер адамның бiр күндiк табысы 1,25 доллардан төмен болса, ол адам кедей саналады. Бұл шамамен 188 теңгеге тең. Ал Қазақстандағы кедейдiң бiркүндiк табысы бұдан сәл iлгерi. Есепке салғанда, 222 теңгеден асады.

Ал Еуропадағы кедейшiлiктi есептеу тәсiлi өзгешелеу. Онда бiркүндiк табысы 36,1 доллардан аспайтын адам тақыр кедей санатына қосылады. Германияның өзiнде кедейлер саны жалпы халық санының 15 пайызына тең. Қазақстанда күнкөрiстiң төменгi деңгейiнен аз табыс табатын халық саны 5,3 пайыз деп алған күннiң өзiнде елдегi кедейлер саны Германиядан екi жарым есе аз болып шығады.

Экономист Қанат Берентаевтың ойынша, күнкөрiстiң төменгi деңгейiне көптеген ақылы қызмет түрлерi мен тұрғын үйге жұмсалатын шығындар енбей қалған. Күнкөрiстiң төменгi деңгейiн есептеу кезiнде бұл қызметтер тегiн болғанымен, қазiр оның құны аспандап тұр. “Сондықтан күнкөрiстiң төменгi шамасын кемiнде екi жарым есе көтеру керек”, – дейдi экономист.

Егер шын мәнiнде күнкөрiстiң төменгi деңгейi бiрнеше есе көтерiлсе, елiмiздегi кедейлердiң саны да еселеп артатыны түсiнiктi.

 

Зере ЖЫЛҚЫБЕК

Жас Алаш

 

Лебіз қалдыру

blog comments powered by Disqus
Download SocComments v1.3

новинки кинематографа
Машинная вышивка, программа для вышивания, Разработка макета в вышивальной программе, Авторский дизайн

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.