Пт05102013

Соңғы жаңару01:21:33 PM

Қазақ елінің экономикалық мүддесі - ел ертеңінің кепілі.

Қазақстан тәуелсіз болса, оның тәуелсіздігі Қазақ жерінің тау-тасынан бастап өзен-көлдеріне шейін, қазақ қоғамы өмірінің бүге-шүгесіне дейін, қазақ экономикасы нарығының барлық саласы және ең бастысы қазақтың ойы мен санасы тәуелсіз болу керек.

Бір ғана мысал, мына суретте Қазақстанда шығатын өнім көріп тұрсыз ба? Жоқ. Біз Ресейден тауар алғанда, асқазанымызды ғана емес, сонымен қатар санамызды да Ресей мүддесімен тұмшалаймыз. Кіріптармыз. Оның тауарын алған сайын, оған етене жақындаймыз. Қазір шегіне жеттік: өз тауарымызды, өзге тауардан айыра алмайтын жағдайға жеттік. Біреудің өніміне қарап, өзгенің экономикасын дамытып отырмыз. 2 ғасырдан астам уақыт бұрын классикалық экономиканың әкесі, мен қатты құрметтейтін Адам Смит: "Өнідіріс қуаты - халықтын қуаттылығының көрсеткіші" - деген. Оның сөзі рас. Экономика деген не? Қарапайым тілмен айтқанда, экономика дегеніміз шикізат пен еңбек күшінің шектеулігін асып өтіп өнім шығаруға бағытталған жол. Ол жолды әркім өзіне-өзі әрқалай төсейді. Сингапурға қараңыз. Ол тіпті суды да импорттайды. Бірақ әлемді өзінің экономикасымен таңқалдырып отыр. Жапондарға қараңыз. Экономика дегеніміз Сингапур, Жапония, Америка, Тайвань, Жаңа Зеландия т.б. Ал Қазақстанда экономика жоқтың қасы. Бізде шектеулі ресурс жоқ. Егер пайдалы қазба болмай, Астана Астана болып жатса, экономика бар деп мойындар едім. Егер шикізат болмай, қазіргі жағдай болып жатса, экономика бар деп мойындар едім. Ал бүгінгі біздің елдің экономикалық жағдайын қалай атауға болады? Қалай болса солай атауға болады, тек экономика деп атауға аузым бармайды. Олай деп айтуға, Эдинбургте жердің астында сүйегі қурап кеткен Адам Смиттен ұят.

Не де болса, жазғытұрымды мәңгі деп, кейін опық жейтін шырылдауық шегіртке сияқтымыз. Дүниеде өзгеден өзінің қорегін сатып алатын жануар көрген жоқпын. Біз жануар құрлы емеспіз. Өзіміз тұтынатын затты өзгеден аламыз. Оған мемлекеттің құрып отырған жүйесінің кінәсы көп. Банктік жүйе сапасыз, парақорлық, бюрократия, жалған идеалдар, санасы тайыз шенеуніктер тағысын тағы. Осыны өзгеден естіп айтып отырған жоқпын. Бұның бәрін өз көзіммен көрдім. Көрген соң айтамын да, экономикалық мүддеміз аяққа тапталып жатыр.

Ержан Алаш

Айқап.kz” ақпараттар порталы

Лебіз қалдыру

blog comments powered by Disqus
Download SocComments v1.3

новинки кинематографа
Машинная вышивка, программа для вышивания, Разработка макета в вышивальной программе, Авторский дизайн

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.