Пт05102013

Соңғы жаңару01:21:33 PM

Қазақ мүддесі - кезек күттірмейтін амал.

Бір ғана Қазақ мүддесінің мысалы бүкіл Қазақстан мүддесінің ахуалына мысал бола алады сеп есептеймін. Алдымен қазақ үшін ең бастысы ДІЛ! Дін де емес, тіл де емес, алдымен діл! Ділдің аудармасы - менталитет. Еврейлер бір кезде дінін де, тілін де, жерін де жоғалтқан. Бірақ өз ұлтына тән ділін жоғалтпаған (идентичность) Соның арқасында діттеген мақсаттарына жетіп, жерін де қайтарды, 4000 жыл бұрын жоғалып кеткен тілін де қайтарды. Бастысы тәуелсіздігі - біздегідей тәуменді емес мемлекет құрды. Сөзімді қуаттау үшін ойшыл жазушы Асқар Сүлейменовтің мына сөзін келтірейін: "Дін құрыса - тіл сақтайды, тіл құрыса - үн сақтайды, бәрі құрыса - діл сақтайды (иаһуди-еврейлер, мысалы)"

Қазақ ұлты болып қалайық десек ділімізді жөнге салайық. Себебі ділінен айырылған қазақ жерін де, тілін де, дінін де ойламайды. Ол - қазақ емес. Ол - қаңғыбас. Себебі қазақ қанша Толстой болса да, орыс бола алмайды. Қанша Шекспир болса да, ағылшын бола алмайды. Демек ол қаңғыбас. Қаңғыбас адамға ұлт та, жер де, тіл де, дін де, тіпті мына Қазақ мемлекеті керек емес. (олар үшін Родина - там где хлеб)

Діл немен келеді? Діл өз ұлтын танумен келеді. Оның алтын тұғыры - оның алтын бесігі. Қазақ ұлттық идеологиясы - оның алтын бесігі. Менің ойымша біз Мұхтар Әуезовтің "Қазақ ел болам десе, бесігін түзесін" - деген сөзін тура қабылдап, бұрыс тәржімалап жүрміз. Менімше Мұхтар Әуезов айтқан бесік - ол қазақтың өмірін қалыптастыратын ұлттық тұғыры. Сонымен қазактың ділі қандай тұғырда қалыптасқан? Қазақтың тұғыры - оның өмірі және оның қазақ боп өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық ұғымдар (viability of nation): 1) Діл; 2) Жер; 3) Тіл; 4) Дін; 5) Салт-дәстүр; 6) Өнер-мәдениет; 7) Отбасылық құндылық пен тәрбие; 8) Шарушылық пен экономикасы, 9) Тәуелсіздігі;

Егер қазақ ел болам десе, осы 9 ең маңызды ұғымдыі өзінің ЕҢ БАСТЫ МҮДДЕСІ ЕТІП ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК. Оған немқұрайлы қарасақ еліміздің болашағы бұлыңғыр. Мұхтар Әуезов бесік дегенде осы құндылықтарды меңзеген деп ешнәрседен қорықпай сенімді түрде айта аламын. Осы мүддені қазақ алға шығару үшін ділге көп назар аудару керек. Қазақ туа біткен демократ және еркін адам. "Қазақ ешкімге тиіспеген, тиіскенге ешқашан бас имеген" деген сөз - қазақтың діліне қаратып айтылған сөз. Бірақ бүгінгі күні мұнайының 70 пайыздан астамынан айырылған, өз елінде бүкіл халықты өз тілінде сөйлете алмай отырған, ең көп арақ ішетін, өзге елге өз есесін жіберіп отырған қазаққа қарап - қазақ ділін жоғалтып бара жатыр деп дабыл қағуға болады. Себебі қазақ ділін жоғалтпаса, мұндай деңгейге дейін түспес едік. Сол себептен де біздің халыққа өзге құндылықтар мен идеалды сіңдіру арқылы біздің жауларымыз біздің халықтан тобыр халық жасап шығаруға күш салып жатыр. Тобыр халықтың бір сипаты - өз мемлекетінің тағдырына немқұрайлы қараудан басталады. Сонан соң түптің түбінде "жалғыз мен не істей алам" деумен бітіп, оның арты бүкіл ұлттың өз тәуелсіздігін жоғалтумен аяқталады. Бүгінгі қазақтың дені тобырға айналып біткен. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара алмайтын, бір-бірінің арасында байланыс жоқ, бірінің мақсатын бірі түсінбейтін халыққа айналып барамыз. Тобыр болмасақ, осылайша сақалымызды сипап сазда отырмас едік. Ендеше, алдымен ділді қолға алайық. Оған бірнеше қадамдар бар. Кей тұстарын атап өтейін:

1) Қазақ туа біткен еркін халық. Оның еркіндігіне нұқсан немесе қауіп келтіретін тірі мақұлықтың өмір сүруге құқығы жоқ. (Каждый человек волен делать то, что желает, если не нарушает при этом равную свободу любого другого человека. Герберт Спенсер)

2) Қазақтың жері, тілі, діні, дәстүрі, ділі сияқты құндылықтары бар. Оған нұқсан немесе қауіп келтірген кез-келген тірі маұқлық Қазақстан Конституциясына сай өз жазасын міндетті түрде алу керек. Егер оның құқығы қорғалмай жатса, онда халық болып сол кедергі болып отырған адамды немесе топты залалсыздандыру керек. Оған бәрі жұмыла кірісу керек. Мысалы үшін Павлодардағы Роза апайға қолдау көрсеткен секілді. Түрмеде отырған ғалым Саят Ыбырайға қолдау көрсеткен секілді. Жәкішевке рухани қолдау көрсеткен секілді.

3) Қазақ жұтылып кетпеу үшін өзінің ғана құндылыктарынан құрылған иммунитетін қалыптастыру керек. Ал қазақтың құндылығына жететін дүниеде құндылық жоқ. Себебі қазақ нағыз гуманист халық. ("Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" Абай)

4) Қазақ жұтылып кетпейін десе "қасақаналықпен", "қырсығумен", "айбат шегумен", "ерегісумен" тек қана қазақ тілінде сөйлеу керек. Тілге сұраныс, тек қана сол тілге қажеттілік тудырғанда ғана пайда болады. Демек, қазақ қырсығу үшін емес, керісінше өзінің болашағы үшін қырсығады.

5) Қазақ кез-келген затқа, идеологияға, идеалға, көзқарасқа, адамға, халыққа және ақпаратқа ТЕК ҚАНА ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫМЕН ҚАРАУ КЕРЕК. Себебі біз өзімізге керек немесе керек емес нәрсені, өзгенің бізге таңып қойған түйсігімен емес, керісінше өз түйсігімізбен айқындауымыз керек. Әйтпесе бізге не жақсы, не жаман екенін айыра алмай екі дүниенің арасында аңырап қалып, соңында өзімізді-өзіміз жоғалтып аламыз.

Жалғасы бар.

 

Ержан Алаш

Айқап.kz” ақпараттар порталы

Лебіз қалдыру

blog comments powered by Disqus
Download SocComments v1.3

новинки кинематографа
Машинная вышивка, программа для вышивания, Разработка макета в вышивальной программе, Авторский дизайн

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.