Вс03242013

Соңғы жаңару05:36:33 AM

Сэр Чарльз Спенсер «Чарли» Чаплин

чаплин

25 желтоқсан 1977 Швейцарияда дүниеден озды.

Әйгілі ағылшын киноактері, сценарист, композитор және режиссер, киноматографияның әмбебап шебері.

(Жазып алған Сая Қызылбаева)

 

Мен өзімді сүйе бастағанда, басқа өмірге талпыну әрекетін қойдым. Осы өмірде мені қоршаған дүниенің барлығы «Адам» ретінде өсуіме итермелейтінін түсіндім. Қазір мен мұны «Кемелдену» деп білемін.

Мен өзімді сүйе бастағанда, кез-келген жағдайда  дұрыс сәт пен дәл уақытта керек жерде тұрғанымды білемін. Сондықтан да менің жан дүнием тыныштық күйінде. Мен қазір мұны «Өзіме толық сенушілік» деп айта аламын.

Мен өзімді сүйе бастағанда, өз уақытымды алатын алып бір жобалар жасаудан бас тарттым. Қазіргі таңда өзімнің жүрегіме шуақты қуаныш күй әкелетін іспен айналысамын. Мен әр затты өзімнің әдісіммен, өзімнің ырғағыммен істеймін. Қазір мен мұны «Ақ пейілділік» деп түсінемін.

Мен өзімді сүйе бастағанда, өз денсаулығыма зиян әкелетін астан,  арсыз адамдардан, қажетсіз заттардан, жағдайлардан өз өмірімді босаттым.  Мені үнемі құрдымға әкетіп бара жатқан нәрселер мен өз-өзімнен алыстататын бәлекеттерден аулақ бола бастадым. Басында мен оны толық эгоизм деп атаушы едім, кейін «Өз-өзіңе деген махаббат» деп түсіндім.

Мен өзімді сүйе бастағанда, үнемі дұрыс болудан бас тарттым. Содан бастап аз қателіктер істейтін болдым. Енді  мен мұны «Кішіпейілділік» деп ұғамын.

Мен өзімді сүйе бастағанда, өткенмен өмір сүруді  және болашақтың қамын жеуін тоқтаттым. Күн сайын нақ осы шақпен ғана өмір сүруді үйрендім. Мен мұны «Өмірді жүзеге асыру» деп танимын.

Мен өзімді сүйе бастағанда, ақылымның мені уайымға итермеп тұратынын түсіндім, сондықтан да ол ауруға шалдығуы мүмкін еді. Бірақ ақыл мен жүректі табыстырғанда, ақылым теңдесіз серіктесіме айналды. Бүгінгі таңда бұл өзара байналысты «Жүректің даналығы» деп білемін.

Қазіргі таңда бізге өз ішімізде болсын, өзгемен болсын әртүрлі даулар мен қақтығыстардан қорқудың қажеті шамалы. Тіпті алып жұлдыздардың соқтығығысуынан жаңа әлемдер пайда болады. Қазір мен оны түсіндім. Ол – «Өмір».

Әйел кез-келген еркекті миллиардер қыла алады.

Даусыз өмірдің сәні жоқ. Өмірдегі барлық зат пікірталасқа шақырады.

Кім ешқашан бала болмаса, сол ешқашанда ересек болмас.

Сәбилер мен жануарлар – киноның ең жақсы актерлары.

Мен пілдерді жек көремін. Сондай алып, сондай жуас.

Естен шығып кеткен естеліктерді жазудан артық жеңіл іс болмас.

Жалғыздық алыстатады. Жалғыздық мұңмен аралас. Басқалардың қызығушылығы мен көңілін аудармайды. Әрбір жан өз жалғыздығынан ұялады.

Ойлау білу қасиеті – скрипка немесе роялда ойнай білуі өнерімен пара-пар. Оған да күнделікті тәжірибелер керек.

Байлыққа деген махаббат өмірдегі ең қасіретті әдет.

Бір рет адам өлтірсең қанышер дейді, мың адам өлтірсең – батыр дейді.

Маған комедия түсіру үшін  тек қана саяжай, полицей және сұлу қыз керек.

Күлкі мен жастың  - жеккөрініш пен қорқыныштың уын қайтаратындай күші барына нық сенемін.

Мен кедейшілікте ешқандай тартымды әрі өнегелі ой барын көрмедім. Ол мені ештеңеге үйретпеді, тек өмір құндылықтарының бейнесін бұрмалады.

Лебіз қалдыру

blog comments powered by Disqus
Download SocComments v1.3

новинки кинематографа
Машинная вышивка, программа для вышивания, Разработка макета в вышивальной программе, Авторский дизайн

ramka

 «Ал ен­ді Алаш азаматтары!... Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды Алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсатымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» Мұхаммеджан Сералин, 1911 жылы шыққан Айқап журналының бас редакторы.

Айқап.kz - Республикалық ақпараттар порталы. Саясат, қоғам, экономика, бизнес, әлеумет, мәдениет, спорт, фото және видео репортаждар. Айқап.kz ақпарат порталы Қазақтың 1911 жылы шыққан тұңғыш басылымы Айқаптың жаңа нұсқасы.
Сайт материалдарын қолдану үшін гиперсілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Бас редактор - Ержан Алаш.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалыңыз:
тел.: 8 (778) 114 36 63
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.