Қожа

Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повестіндегі Қожаның өмірлік ұстанымдары.
Жазып алған: Сая Қызылбаева
Менің атым - Қожа.
Ойбай-ай, неге мұндай тынымсыз, сотқанақ боп тудым? Темір секілді жер қозғалса да қозғалмайтын, маңқиып жайына жүретін момы болып неге тумадым?
Үгітте, үгіттеме, айтқанымнан қайтпаймын.
Осы үлкендер деген қызық халық. Бір менің әжем, қай-қайсы да шетінен өсиет айтқыш, жөн сілтегіш, ақылгөй келеді. Олай етпе, бұлай ет, ананы істеме, мынаны істе деп, тәлпіштеп тұрғанда, таңдайларынан шаң көтеріледі. Ал енді өздеріне қараңдаршы. Не қилы жаман мінез, жөнсіздік осы үлкендердің арасынан шықпай ма? Ұрлық істеп сотталып жатқандар кімдер? Үлкендер. Мас болып, қатын-баласының үрейін алып, үйінде шұрқан шығаратын кімдер? Үлкендер. Бәлеқорлар, жемқорлар, жалақорлар – бәрі үлкендерден шығады.
Әттең жазушы болсам деген арман менің көкейімде ерте ұялады.
Талант деген адамға туа бітетін нәрсе. Мен оны ешкімнен сұрап, немесе ұрлап алған жоқпын.
Жалпы, ақындар өлеңді тек шабыты келгенде ғана жазатын көрінеді ғой. Ал менің шабытым қашанда қаламның ұшында жүретін секілді.
Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін.
«Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық.
Кімге болса да бір әкеден әбден керек.
Кім иемденсе, соған құлшылық ететін меңіреу техника саған ешқашан жауап бермес.
Жасы үлкен таныс адамға сәлем бермеу – көргенсіздіктің иесі.
Аш қарынға данышпан болып жетістірмейсің.
Өмір дегенді ойлап отырсаң, қызық нәрсе. Бірі мен бірінің қалайда тұзы жараспайтын кереғар жаралған адамдар болады.
Оқулығы сай бала – көңілі жай бала.
Бала десе бәрімізге тиеді, одан өткен ақымақ жан жоқ қой. Кейде қайдағы бір залалды нәрсеге соның сол залалдығын біле тұра иттей әуес келеді.
Өзінің тырнақалды прозалық туындасы шағын повесть түрінде бастап отырғанын автор бір де бір минутқа есінен шығармайды. Сондықтан да ол әр адамның басынан күнде кешетін тұрмыстың ұсақ-түйек құбылыстарына онша жүгіне бермейді. Ондай автордың бұл еңбегі мүмкін шағын повесть емес, кітап магазині полкасының белін қайыстыруға жарарлық нән романға айналар еді.
Қолмен істеген нәрсесін мойнымен көтеруге жарамау ер адам үшін неткен пасықтық.
Шіркін, өмір! Неткен қызық нәрсе едің... Біресе шаттандырып күлдіресің, біресе бүлдіресің. Соның бәріне адам өзі кінәлі.
Мен табиғатты сүйемін. Мен шынайы поэзияны сүйемін. Абай мен Қасымды қанша оқысам да менің сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім келедіғ оқи бергім. Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағанда өзімді өзім ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінің астынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарыш-қарыш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей болам.
Мойынға алған жұмысыңды тындырып тасап, рахатқа бататын кездерің де болады-ау.
Адам болып шығу деген ойлап отырсаң машақат нәрсе екен.
Адам деген қызық қой. Оқып жүргенде, демалысты аңсасың. Демалыста жүрсең, оқуды сағына бастайсың. Жаздыгүні қыс болса екен дейсің, қыста жазды көксейсің. Бұл неліктен? Адам бабын қалай табуға болады.
Менің газетті соңғы бетінен бастап оқу әдетім бар.
Балық аулау тәрізді жаным құмар істен бас тарту маған қиын.
Ауруды жасырғанмен, өлім әшкере қылады.
Екі нәрсені жазудың қиындығына менің көзім әбден жетіп болды. Бірі – қызға хат жазу, екіншісі – шығарма.
Әр нәрсенің шегі бар.
Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі.
Адамды меніңше, арман жетелейді алға.
Лебіз қалдыру

