Махатма Ганди

Махатма Ганди
(2 қазан 1869 — 30 қаңтар 1948) — Үндістанды Ұлыбританияның отаршылдық құлдығынан босатуға бағытталған бейбіт қозғалыстың жетекшісі. Оның азаматтық бағынбау (сатьяграха) философиясы бейбіт түрде елдің бостандығына әкелді.

Махатма Ганди
(2 қазан 1869 — 30 қаңтар 1948) — Үндістанды Ұлыбританияның отаршылдық құлдығынан босатуға бағытталған бейбіт қозғалыстың жетекшісі. Оның азаматтық бағынбау (сатьяграха) философиясы бейбіт түрде елдің бостандығына әкелді.
Жазып алған Сая Қызылбаева
Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста.
Ойды ашық түрде айта алу – алға жылжудың белгісі.
Біздің түбімізге жететін дүниелер: қағидасыз саясат, ар-ұятсыз ләззат, мінезсіз алған білім, өнегесіз жасалған бизнес, адамгершіліксіз ғылым және құрбансыз оқылған дұға.
Еңбексіз алтын да, күміс пен мыс та түкке тұрмас асыл заттар түрлері болатын еді.
Үнемі мадақтай беру мен үшін қорлық. Өзімнің оған лайықты екенімді мойындау қажеттілі туады.
Батылдық өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді дамытуға қажет. Бойыңызда батылдық болмаса шындықтың шыңы мен махаббаттың алауын қалайша қорғамақсыз?!
Кедей тек өмір сүре алу үшін бай қарапайым тұруы керек.
Ар-ұят ісінде заңдардың күші жоқ.
Бата-тілекте сөзден гөрі жүректің болуы маңыздырақ.
Бүгінгі күнде Құдай бір адамның бейнесінде емес, кез-келген адамдардың әрекеттерінде ізделінеді.
Ұлттың ұлылығы мен рухани дамуын оның хайуандарға қалайша қарауынан байқауға болады.
Сіздер адамзат ғаламына сеніміңізді жоғалтпаңыз. Ол дегеніңіз мұхит тәрізді. Лас бір-екі тамшының мұхитқа тамуы – түгел мұхиттың ластануына әкелмейді.
Баспасөз – ұлы күшке ие. Тілшінің қаламынан сия тамған беттердің тасыған тасқынның барлық дүниені жайпауымен салыстырарлықтай күші бар.Бұл апатты сырттан реттегіңіз келсе, тек қатерлігін өшіріп аласыз, ал бақылау іштен келсе ғана пайдасы мен реттеуге болады.
Өмірдің басты мақсаты – дұрыс өмір кешу. Дұрыс ойлау, дұрыс әрекет ету. Егер тәнімізге барлық назарымызды аударсақ, рухани дүниеміз қаза болады.
Өмірге келу мен кету – бір күйдің екі түрлі жағдайы ғана.
Достарымның маған деген жоғарғы құрметі - менің іліміме ерулері немесе оған сенбеген жағдайда соңына дейін қарсыласуы.
Істелген арсыз адамдардың істері ішінде ең қасіреті - жақсы адамдардың үнсіздік сақтауы. Саяси бостандықтан гөрі, тазалық маңызырақ.
Егер бостандықта қателесудің мүмкіндігі болмаса, оның еш бағасы жоқ.
Күш – дененің мықтылығында емес, қорқыныштың жоқтығында.
«Біз дұрыс, ал басқалары қате» дейтін жаман әрекеттері барлар - Отанымыздың қас жаулары.
Алғашқыда саған назар аудармайды, сосын сені күлкіге айналдырады. Кейін сенімен соғысады, аяғында сен жеңесің.
Сөз бен істің келісуі бақыт емес пе?!
Қайрат жоқ жерде, махаббат та болмас.
Өзінің бойында бар қажет емес қасиеттермен қолданбайтын адам ұрлықшы адамға тең.
Бір адам екінші адамның өміріне қамқор болмайтын сияқты, ұлттар да қандайда бір басқа ұлттардың қамқорлығында болуын қаламайды.
Қорқақ адам махаббатты көрсете алмайды, бұл ержүрек адамның ісі.
Құдайдың діні жоқ.
Кешірімді болу – мықты адамдардың қасиеті. Әлсіздер ешқашан кешіре алмайды.
Мадақтау - мейірімділікті нығайтпайды. Жасалған жақсылық туралы мақтау емес, оның мысалында жақсылықтар жасау ең жоғарғы мадақтау болып саналады.
Әр адам өз тағдырының қожайыны. Бұл оның өз бостандығының қалай пайдалануына байланысты.
Әрбір арман-мұраттың бағалығы – оған жақындаған сайын алыстай түсуінде.
Адамдар өзі тәрізді жандарды кемсіте отыра, өздерін қалай сыйлайтыны маған үнемі жұмбақ.
Болашақты жорғым келмейді, мен үшін маңыздысы қазіргі таң. Құдай маған келешекті бақылайтын күш бермеді.
Мен әлемді махаббаттың үстінде тұрғанына кәміл сенемін. Махаббат бар жерде - өмір бар. Махаббатсыз өмір - өлім.
Өз еліме бостандық тілеймін. Басқа елдер менің тәуелсіз елімнен үйренсін.
Біздің күшіміз - сөзіміз һәм ісімізде. Бұл тек бізде дамып келе ой күшінің алыс жаңғырығы.
Күшпен қол жеткізген жеңістің күші жеңіліске тең.
Күннің батуы мен айдың сұлулығына таңғалған сәтте жан-тәнім Жаратқанға табынады.
Өзіңді табудың ең дұрыс жолы – басқа адамдарға еліктеуді тоқтату.
Мен үшін патриотизм – ол бір ұлттың дамуы ғана емес. Оның мағынасы терең. Мен бір ұлттың амандығының басқа ұлтты қанауы арқылы орын алуынан бас тартамын.
Ғибадат – ертеңгі күннің кілті және кешегі күн есігінің ысырмасы.
Mен үшін сыншыл достардың пайдасы, қолдаушы достарымнан көбірек болды. Әсіресе сын мәнді әрі сыпайы тілмен жеткізілген болса.
Барлық христиандықтар Иса тәрізді болса, әлем христиан дінін қабылдаушы еді.
Егер де біз әлемде шынайы бейбітшілікті қаласақ, балалардан бастауымыз керек.
Мақсатыңды тап, жететін жол үнемі табылады.
Лебіз қалдыру

